«Табысты мектептің болашағы айқын » Мектеп басшысы ретінде тәрбиені оқушыдан емес, мұғалімнен бастасам іс түзеледі, мақсат айқындалады-деген мақсатта «Табысты мектепке жетудің 5 қадамы»



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,6 Kb.
#96642
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алимова А.Е

Бесінші қадам. Тиімді дем алу.
Адамды табиғат жаратқанымен, оны өсіріп тәрбиелейтін қоғам,- деп
И.Г.Белинский айтқандай күнделікті өмірде жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандырып, қызықтырып отыру оның еңбекке деген құлшынысын оятады.. Әр түрлі жарыс, экскурсия, жексенбілік, серуен, цирк, музей, көрмеге бару, үйірмедегі қызықты жұмыстар т. б. адамның рухани дем алуына мүмкіндік тудырады. Мектебімізде демалу да жақсы жолға қойылған.
Мектепті басқаруда жүйенің оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын және өлшемді, уақыт аралығында болуы керек екендігін ескерген жөн.
Ұжымды басқарудың барлық буынында менеджмент өнерін меңгеру, қазіргі педагогикалық инновацияның негізгі бағытынан хабардар болу қағидасын ұстану қажет.
Ал әрекеттің стратегиялық жоспардан құрылуы, жоспарлау барысында негізгі мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей отырып, мақсатқа жеткізетін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, шешімді қызметкерлердің тапсырманы орындау мүмкіндіктерін ескере отырып қабылдау өте маңызды...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 жобасының бірі «Туған жер» жобасы бойынша мектебімізде «Рухани қазына» мұражайы ашылды. Оқушыларымыз мен мұғалімдеріміздің және жәрдем беруші кәсіпкерлеріміздің көмегі көп болды. (Өздеріңіз тамашалап көрдіңіздер)
Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін болашақ ұрпақ, яғни, оқушылар білім, ғылыммен мықты қарулануы қажет. Сондықтан ұстаздардың заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беру басты міндеттерінің бірі. Сол себеті мектебіміздің мұғалімдері ертеңіне сеніммен қарайтын үлгілі - өнегелі шәкірттер оқытып тәрбиелеуде. Ұстаздардың болашақта алар асулары, жетер жетістіктері әлі де көп деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет