Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет100/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

тартады:   томаршаға   бұлтылдап   тайғанай   береді.   Сонда   да
ентелеп,   ентігіп,   жанұшырып,   тырбаңдауын   қоймайды.   Тер
пұшпағынан   ақты.   Жыртық   милық,   жалбыр   тымағын   қолына
алды: жаман тонның белін шешті. А дегенде бойы әнтек сейілген
тәрізденсе де, аздан соң шекесіне қыл бұрау салған адамдай, басы
тарыла   бастады.   Тер   қатқанын   біліп,   жаман   тымағын   жалп
еткізіп қайта киді.
Не дегенмен жанды қарға ғой, борбайы тырбыңдап, жер кенеше
қыбырлап келеді. Бір игі жері: алыс, жақынды көп кезіп, тырбық
борбайы жер мөлшерін алған ғой: алғашқы бетінен адасқан жоқ.
Әлден   уақытта   серейген   мойнақтарды  көзі   шалды.   Келе:   «Шөк
былай, ақ шелек!» деп, шырылдап, айғайды салды. Түйелер: «Сен
қайдан келіп қалдың?» дегендей, әуелі аңтарылып, бір қарады да
жаяу   Қойтеке   екенін   көрген   соң,   «Быж-ыж!»   деп   мазақтаған
немеше мойындарын қақырайтып, көрмегенсіп, қырындап жайыла
берді.   Әйткенмен   тырбыңдаған   Қойтекенің   шолақ   ағашы
тірсектеріне   тықылдай   бастаған   соң,   түйелер   елейін   деді:
айдаған  жағына  ығыса   берді.  Бір  жаман жері: ішінде   бас  білгі
түйе жоқ екен. Мойнақ ит қайбір жөнге жүрген: бірін қайырса,
бірі   теріс   лағып,   сілесін   әбден   қатырды.   Қайырған   сайын


қарғайды:   «Жау   алғыр,   иттің   малы!»   деп   қояды.   Түйелерге
«Қарағым!» дегенмен бір есеп.
Тойталаңдап, алас ұрып жүргенде, өкшесі даладай боп қажалып
қалған   екен:   қаны   сорғалап,   майы   шығып   ауырып   жүргізбеді.
Жерде қарбық қар, түн жалтыр, шытқыл еді. Амал жоқ, шоқай
етігін қолтығына қысып, жаяу жүгірді. Әудем жерге бармай-ақ
мұзға тыққандай аяғы ағаш боп қатып қалды. Аяғы мұздаған соң,
бойы жаурады... Тісіне тісі сақылдап, дірілдеп, қалшылдап, өлдім-
талдым   дегенде,   түйелерді   айдап   ауылға   келді.   Келе   мұрттай
ұшып, ас үйдегі жаман жабудың арасына кірді...
Мана   біздің   «жақсылар»   Әлдекейдің   Мүсірәліні   мазақтағанына,
Жынды қараның буаз матушке болғанына мәре-сәре болып, жылы
үйде   майға   тойып,   «Құдай   берген   кісі   ғой!»   деп,   байды
мадақтасып жатқанда, Қойтеке: «Иттің малы... ақ шелек!» деп,
егіле еңіреп, үсіп өлгелі келе жатыр еді.
Қойтеке жаурап келіп, ұшып жығылғанда, «Тоңып қалды-ау!» деп
аяудың орнына манағы қойшы:
— Торшолақ қайда?— деп сұрады.
Өзі ыңқылдап-күрсілдеп, беті албырап жатқан Қойтеке:
— Қалды далада...— деуге мұршасы келді.
— Жұрымың құрғыр-ау! Оны неге тастап кеттің? Қасқыр жеп
қойса қайтесің, — деп, қойшы қоңқылдап, жер-жебіріне жетті.
Қойтеке не жауап қайырсын: өзі бойын жылыта алмай, танауы
тарс   бітіп,   дөңбекшіп   жатқан   кісі.   Тек   бәйбішенің   «қаттысын
қайырып, жұмсағын жұмырып» жаңа болып келген шешесі:
— Қойтекемісің? Ac жедің бе?.. Heғып жатырсың? — деп сұрады.
Баласының ыңыранып, тісін шықырлатқанын естіп шешесі:
—   Ой,   саған   не   болды?!   —  деп   қасына   келіп,   үңіліп   еді,   баласы
ышқынып, солқылдап жылап қоя берді... — Соры қайнаған шіркін,
сорың қайнаған екен ғой!..—деп шешесі де кемсендеді...
Сол жатқаннан Қойтеке тұрған жоқ...


Бір   жұмадан   кейін,   таң   сәріде   төрт   құлақты   ескі   бейіттің
түбінен   үш-төрт   малай   жерошақ   қазып,   жазған   сорлының
кішкене денесін қара жерге тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет