Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет2/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Мамырбайдың   малайлары   қора   жамап,   пешін   қалап,   үйін   сылап
болған   ед.   Мамырбайдың   бәйбішесі   маң-маң   басып,   малайларға
киіз   үйін   қағып-сілкіп   жинатқызып   жүрген   ед.   Мамырбайдың
Ақбілегі,   Ақбілегі   —   жас   түлегі,   айы-күні   –   сұлу   қызы,   алтын
сырға,   күміс   шолпы   сылдырлатып,   былдырлатып,   ақ   көйлегін
көлеңдетіп,   қызыл,   жасыл   көрпелерін   қағып   үйге   әкелген   ед.
Қасындағы қыздарына қабақ шытып, қыңқыл етіп, даусы сыңқыл-
сұңқыл етіп:
— Көзім тартып тұрғаны несі?— деп бір бұраңдап қойған ед...
— Жәй тартат та... Қуанарсың... Қай көзің?..
—   Қуанар   ем:   сол   көзім,   —  деді   —  бітті.   Кім   елеген   ондайды?
Алымсағын, шөбін жайлап, партияның қамын да ойлап, Мамекең
де кешке жақын жолдасымен кеп түсті.
Тау   бетінен   андағайлап,   жатағына   мал  келді.  Бала   у-шу,   малай
қиқу, мал маңырап, ит жаң-жұң. Ауыл түтін, өзен күріл. Сарғылт


таңдақ. Жел де қоңыр, қызыл іңір. Малын жайлап, шәйі қайнап, ел
де орынға отырды.
Күн батпай-ақ, көз барында манағы айтқан терең шаттан, іннен
шыққан   қасқырларша,   шұбап   шықты   төрт   атты.   Оның   бірі
манаты айтқан, өзің көрген ала атты. Енді үшеуі: қалпағы бар,
мылтығы бар, қылышы бар, көк шекпенді қоқаңдаған, қоқиланған
жат   адам.   Сол   төрт   атты   шаттан   шығып,   ылдиға   түсе
өкшелерін қадады. Қадап еді, ат пысқырды, ауыздығын қарш-қарш
шайнап   есілді.   Есілді   де   екпіндетіп,   үңгірдегі   бір   ауылға   жетіп
келді саусылдап.
Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бүріктірді, елдің апшысын қуырды:
–   Ақ,   сболыш!   Тап   атты!..   Мылтық   қолда,   қамшы   жонда,   ат
таппасқа әдді не? Атты да алды, шідерді алды, жүген де алды,
кілем, көрпе, қоржын, шалбар... бәрі кетті...«көр ішке».
– Төре...Тақсыр...
– Ой, құдай-ай!
–   Аясайшы,   бейуазек   қой!..   –   деуге   келді   тілдері.   Шәйді   алдына
жаңа   қойып   «Бісмілданы»   келтіргені   сол   еді   Мамырбайдың   бір
малайы жетіп келді ентігіп:
– Келіп қалды!
– Кім, кім?
– Көкпең-көк...
– О кім?
– Өңшең орыс. Мамырбайдың мұршасы:
– Жина, ұмтыл, қаш тығыл! – деуге ғана келді.
Дастарқанымен   шәй   қалды   жайрап,   жиюсыз   шыны-аяқ   қалды
күйреп.   Мамырбай   күріс-күріс,   бір   есікке,   бір   төрге...   Жаушы
жалам, бәйбіше де, қыз да жоқ. Сыртқы есікке жетер-жетпесте,
Мамырбайдың кеудесі үңірейген үш мылтықтың аузына тірелді.
Бай шалқалап, мұрттай ұшты.
Мылтық   дүмі,   қылыштың   қырымен   айдап   шығарылған   ауылдың
еркек   біткені   басын   қорғалап,   борсаңдап,   желкені   жей-мей,
Мамырбайдың   еттігіне   отағасыны   бас   қыла   қамалды   да,


сыртынан қара құлып салынды. Ауызында күбір-күбір «Сүбіқан»,
аяғы жыбыр-жыбыр еңкең қағып, қораны орағытып бәйбіше келе
жатыр еді, орыс алдынан тап болды.
– Қайдан келесің?
– Мына... Мына...— дей беріп еді, — мә, саған мына, мына!— деп
білеуіт пен ащы айғай басына қабат тигенде, көзінің оты жарқ
етті. Жаулық кетті жапырайылып, ауыз кетті опырайылып.
– Тап деген соң, тап қызды!
– Кімнің қызын, жасаған!
– Сенікі қыз, сенікі.
– Қызым жоқ, ойбай!..
– Қыз бар. Табасың! Орыс қадалып, білеуітін зулатты.
Бәйбіше   бадалып,   «Қыз   жоқ»   —   деп   бажылдап,   өтірікті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет