өкпелеме. Сен де егін сал, қала бол, сонда бәрімізге де жер жетеді.
Мұны қазақ ұқпайды-ау.
Қазақ зәбірің тиеді деп бізді айыптайды. Зәуде қазақ әскер болып,
қазақ әскері орыс елінің ішінде жатса, маңайына зәбірі тимес пе
еді? Малын алмас, дүниесін таламас, қызын қатын, қатынды
жетім қылмас па еді? Кешегі Жетісу майданында мұжық
қалаларын алғанда, қазақ әскері қандай қылды. Бейуаз мұжықты
қылышының жүзінен өткізбеді ме? Мүлкін талап, әйелін расуа
қылмады ма? Баяғыда орысты үш жүз жылдай татар билеп
тұрғанда, қазақ та соның ішінде, қандай қорлық көрсетпеп еді?
Ордаға барған елшілерімізді тақтайға жаншып, үстінен билетіп,
езгілеп өлтіріп еді. Қазекем сенің де жайың белгілі. Қолдарыңа
түссе, шамаларың келсе, сендер де бізді аямайсыңдар. Бірақ
шамаларың келмейді.
Әйтсе де біз қазақтан кек алғалы жүргеніміз жоқ. Қазақ жеріне
келейік деп келгеніміз жоқ. Ресейде төңкеріс болып, патшаны
түсірген соң, өз ара екі жарылып, ел билеуге таласқан соң,
өкіметті қара жұмысшы мен қара солдатты жақтаған
балшебектер алып кеткен соң, біздер орыстың шын ұлдары құл-
құтанға бағынбаймыз деп, соғысып, жеңіліп, қашып келіп
отырмыз. Алдымыз қашып Қытай жеріне өтіп кетті. Біз одан
қашқан, бұдан қашқан, жетпіс шақты әпесер, білеуіттер
Алтайдың бір тығырына бекініп, қызылдардан жан сауғалап
жатырмыз. Олардың ойы, оқ дәрімізді, азығымызды түгесіп,
қыстың суығына қатырып, ашықтырып алмақ. Әйтпесе, бір
ауыздан жалғыздап келіп, бізді ала алмайды. Тауда жатып біз
қарап өлейік пе? Қара таласқан соң маңайдағы қазаққа
шабуылдап, азыққа мал, баспанаға киіз, төсеніш, ыдыс, сайман
алып тіршілік қылып жатырмыз.
Елсіз тауда ерігіп жатқан өңшең еркек іші піскен соң, ермек,
қызық керек қылмай тұра ма? Қашанғы өзді-өзіміз боқтасып,
керісіп, төбелесе берейік. Біздің де қанымызда от бар; бізде де
тілек, құмарлық, нәпсі бар. Біз де жаспыз. Әйел құшуды біз де
аңсаймыз. Әйелсіз күн көре алмайтын, махаббаттың қадірін
білетін сезімі жетілген, біз өнерлі, білімді жауропаның
ұлдарымыз. Әйел кімде бар? Қазақта. Қазақ та адам баласы.
Қазақтың қара көздерінің сиқырлы күші жауропа әйелінен кем
емес; әнтек тәрбиеленіп, қылымсуды, еркекке жағынуды
үйренбегені болмаса. Қазақ надан болған соң орыстан
жатырқайды, жиренеді, қазақ қызы орыс жігітін сүймейді —
бізге өз сүйгеніміз де жетеді: бізге әйел керек. Әйелдің сүйгенін
тілейтін біздің өз еліміз бар ма? Қазақ надандықтан
жатырқайды; оқыған ел жатырқамас еді, қазақтың оқыған
азаматы орыс қызын сүймей, орыстан қатын алмай жүр ме?
Қысылғанда, сасқанда қарсылық қылған жерде болмаса, тегіннен
қазақты өлтіргеніміз жоқ. Адамның тыпырлап өлгені бізге
тауықтың өлгенімен бір есеп. Көңілімізге солай орнағаннан ба?
Өлімді көп көріп етіміз өліп кеткеннен бе, кім білсін? Шынында
өлім деген, өмір деген немене? Адам өлмек үшін туған. Бүгін өлдің
не, ертең өлдің не? Өмір — қабақтың қаққаны. Ендеше, аз күн
тіршілікте өмірден қандай қызық, қандай ләззат болсын, алып
Достарыңызбен бөлісу: |