Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет15/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

орыстарға ұстап бердім-ау! Ағасы болмаса, бұ қызда не жазық
бар   еді?..   Тегі,   мен   өлерімді   білмейтін,   ақымақ   шығармын.
Әйтпесе,   елді   осынша   шапқыншылыққа   ұшыратып,   осынша   қан
қақсатып,   зарлатып,   қарғыс   алып,   жексұрын   болғанда,   қайда
сиям,   қалай   тіршілік   етем   деп   ойладым   екен.   Осының   бәрін
істетіп жүрген мен екенімді білсе, – білмей тұрар ма, — ел мені
тірі   қойғаны   ма?..   Қой   мен   жынданған   екенмін,   мені   сайтан
азғырған   екен...   Бірақ   енді   істі   түзетуге   бола   ма?   Болмайды:
шынымды айтсам да, басымнан асып кетті; елдің менен жауыз
дұшпаны, арам сүт емген арамза ұлы болуы мүмкін емес...


Енді   бұл   беттен   қайтуға   өткел   жоқ,   дауа   жоқ...   Осы   кеткені
кеткен... Шынында, байларға не обал бар? Олар елді жемей жүр
ме? Бай неліктен бай болады? Малайдың арқасы, елдің арқасы ғой,
олардың   құтыратыны,   төрт   түлік   малын   малшы   бақпасыншы,
шөбін   малай   шаппасыншы,   отын   жақпасыншы,   құдығын
аршымасыншы,   қорасын   қаламасыншы   —   көрейін   байдың   бай
болғанын. Асқанға тосқан деп, сәбет өкіметі байлардың пейіліне
бола   келген   бір   тосу   ғой.   Кім   біледі,   мені   де   байларға   құдай
жұмсап   тұрған   шығар...   Мен   болмасам   да,   осынау   ез   етін   өзі
жегелі жатқан ақтың білеуіттері елді тыныш қояр ма еді? Мен
болмасам да, ағайынға өкпелеген бір қазақ кек алам деп, орысқа
шаппас па еді? Сөз жоқ, ондай біреу табыла кетер еді? Әрине,
мұндай   жұмыс   екінің   бірі,   егіздің   сыңары,   жалпылама   адамның
қолынан   келмес,   бірақ   мендей   біреу   табылуы   хақ...   Талай   әскер
шауып кетті. Талай қазақтар елге ұлық боп келіп, алып та, жеп
те жүр. Соларға ел не қыла алды? Түк қылған жоқ... Өзім коменес,
қолымда   мылтық.   Он   кісіге   алдырмаймын;   мылтық   ату   әдісін
орыстардан   үйреніп,   мерген   боп   алдым...   Күндіз   сақ   жүрермін.
Түнде жұмысымды бітірермін... Мен несіне қорқамын? Қорқарым
бар,   бұл   іске   әуелде   кірмеуім   керек   еді.   Кісілік   іздеу,   жашикеге
бару,   мылтық   алу   керек   емес   еді...   Жоқ,   өлім   біреу,   неде   болса
құдайға   тапсырдым.   Енді   менің,   елге   кішірейуім   –   өлім,
жігіттігіме   кемшілік...   Мені   жұрт   өткір,   қайсар,   ер   жігіт   деп
ойлап жүр. Сол аттан айырылмауым керек...
Осындай ойлармен Мұқаш ауылына таянды. Ауылы үлкен таудың
күнгей   бетіндегі,   ойпаңдағы   —   төрт-бес   тас   қора.   Ол   қоралар
өзімен немере-шөберелес ағайындардікі, осы ауылдың бас көтерері
Мұқаш, ақсақалы Тезекбай молда.
Молда деген аты болмаса, Тезекбай кісі атын да жаза алмайды,
барлық   оқуы   «Қырық   қадістен»   есінде   қалған   «Қаланна   бій
ғалайссалам»   —   атты   пайғамбар   Ғалаисиссалам,   бар   білген
құлшылығы:   өлікке,   шелпекке,   үлі   тиген   малға,   «жасын»   оқу,
тарауық   оқығанда,   «Алқамға»   қосып   «Енне   казелике»   бірдеңкені


міңгірлету, бар білетін дұғасы — «Аятл — күрсі» — құрбаннан
малына, немесе айға бата қылса да осыны оқиды, көзіне ақ түскен
әйелдерге   де   осыны   айтып   үшкіреді.   Өз   ағайындары   болмаса,
Тезекбайды   сырт   қазақ   молда   деп   те   санамайды,   жекжат
жердің,   өлімі   болмаса,   жамағайынның   жаназасынан
«Жақсыларды жанаған» қожа-молдалардан асып, Тезекбайға тиіп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет