Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет12/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

сұрланып   шығып   кетті.   Ол   кеткен   соң   жирен   орыс   та


құшырланып,   күңкілдеп,   боқтаған   іспетті   болды   да,   тысқа
шықты.
Өзге қостар да тұрса керек: далада шүлдірлескен сөздер молайып,
жаңылдай бастады. Кейбір орыстар Ақбілек отырған қосқа келіп:
«Кзымке...»— деп мойындарын қисайта, шағыр, шегір көздерімен
тесіп   жібергендей   Ақбілекке   үңіле   қарасып,   ыржиысып,   бірдеме
десіп   кетіп   қалды.   Ақбілек   олардың   бетіне   тура   қарай   алмады,
кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті.
Аздан соң, шелекке қайнатқан суды орталарына қойысып, темір
тостағандарды батырып, кепкен нандарымен қытырлатып шәй
ішіп отырып, мылжыңдап көп сөйлесті. «Алдына ас қойсаң, орыс
ит   мылжыңдайды   да   отырады»   деген   әкесінің   сөзі   Ақбілектің
есіне түсті. Жирен орыс манағыдай емес, Ақбілекке өліп-өшкенін
қойып,   бетінен   түгі   шығып,   әкесі   өлгендей,   бас   терісі   аузына
түсіп,   кетіпті.   Қасындағы   біреуі   Ақбілекке   қаңылтыр
тостағанмен   шәй   ұсынып   еді,   алмады.   Әлгі   айтысқан,
жанжалдасқан қара мұрт орыс қайтып көрінбеді.
Шәйларын   ішіп,   шылымдарын   тартысып   болған   соң,   өзгелері
тысқа шықты. Жирен орыс беліндегі алты атарын алып, құлағын
қайырып,   бірдемесін   басып,   бұрап,   шыртылдатып   айналдыра
бастағанда,   Ақбілек   өзімді   атып   тастар   ма   екен   деп   жүрегі
сескенейін деді. Жан шіркін көзге  тағы бір  елестеп өтті. Бірақ
атқан жоқ, мылтығын қайтадан қабына салып қойды. Сөйткенше
болмады,   киімдері   сымдай,   белдерін   қылмита   буынған,
қылыштарын асынған екі орыс сып етіп кіріп келіп, қақиып тұра
қалып,   жирен   орысқа   келте-келте   бірдеме   айтты.   Жирен   орыс
бір-ақ ауыз жауап қайырды да, үн-түн жоқ, киіне бастады. Киінді
де, Ақбілекті қолынан тартып,  тұрғызып  қостан алып  шықты.
Ақбілек енді бірдеме қылады екен деп, жүрегі дүрсілдеп барады.
Шықса  —  көп  орыс  қос маңында   топ-топ  сөйлесіп  тұр. Қызды
алып бұлар шыққанын көріп, өзгелері де қозғалып, лек-лек болып,
тал жаққа қарай аяндады.


Енді ажалым жетті ғой деп Ақбілекте зәре жоқ. Бәрі жиылып,
атып, қалай өлгенімді тамаша қылғалы жүр ме? Әлде бұлардың
басқа заңы бар ма? Басқа бірдеңе істегелі жүр ме? Уа пірім-ай,
мынаның бәрі жабылып...  нетсе, не жаным  қалады?.. Көп орыс
талға   таянған   соң  қатар  тұра  қалды.   Үш   орыс   шығып,   анадай
жазаңқайға   барысып   тұрған   кезде,   жирен   орыс   Ақбілекті
бауырына қысып алып, аузынан құшырлана үш сүйіп, қасына екі
орысты   ертіп,   анау   үш   орысқа   таман   барды.   Алтау   болды.
Алтаудың бірі топқа қарап, бірдеңе айтты. Топтан қысқа ғана
жауап естілді. Содан кейін әлгі орыс ақырып қалып еді, әлгі өзінің
жирен орысы мен манағы қара мұрт біріне-бірі таянып бірдеңе
десті   де,   аяқтарын   нығарлай   басып,   екеуі   екі   жаққа   қарай
жөнелді,   сүзісетін   қошқарларша   екеуі   біріне-бірі   қарама-қарсы
тұра   қалды,   Сол   кезде   қалған   төрт   орыс   кейін   шегініп,   біреуі
қолын   көтеріп,   «раз,   дыба,   три!»   деп   қалуы-ақ   мұң   екен,   алты
атарларын   қолына   ұстасып   тұрған   екі   қошқар   басып-басып
жіберді. Түтін бұрқ етті. Орыстар тұра ұмтылды. Ақбілек енді
не болар екен деп, арт жағында тұрғанда, мына жағынан қара
мұрт орыс жүгіріп келіп құшақтай алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет