Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет13/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Өлген   жирен   орысты   кеп   орыс   көтеріп   алып   кетті.   Ақбілекті
белінен   құшақтап,   сүйемелеп,   қара   мұрт   қосқа   әкелді.   Өзіне
таласып, екі орыс бірін-бірі өлтіргенін Ақбілек сонда білді. Бірақ
төбелесіп өлтіріспей, алыстан атып өлтіріскеніне түсіне алмады.
Қара   мұрт   шығып   кетіп   еді,   бір   уақытта   қалпағын   шекесіне
салған, сеңсең бас, теке көз, бұжыр сарыны алып келді. Теке көз
келе-ақ Ақбілекке:
–   Аман   қарындасым,   –   деп   қолын   ұсынды.   Қазақша   сөйлегені
құлағына жылы тиіп, қолын ұсына түсті де, қайта тартып алды,
жеп   қоятындай   сүзе   қарады.   Теке   көз   қазақша   білетін   тілмаш
екен, Ақбілекпен сөйлесуге шақырып әкепті.
– Мына төре сені жақсы көрген. Бұл өзі үлкен төре. Қорықпайтын
кісі. Сені көргенде (жүрегін түртіп), мына жері шыдамаған. Анау
жігіттен сені маған бер деп сұраған, ол бермеген. Ол кішкене төре


ғой.   Екеуі   дауласқан,   шатақ   шыққан.   Содан   «дуелге»   шығып
атысқан.   Өзің   көрдің   ғой.   Бұл   сен   үшін   өлем   деген,   сонда   да
шыдаған. Сен бұрын орысты жақсы көрмеген даладағы қазақтың
қызысың.   Сен   қорықпа.   Саған   ешкім   тимейді.   Мына   төре   сені
ешкімге   бермейді.   Бұл   сені   қатын   қылады.   Өзге   төрелер   сені
бәріміз   қатын   қыламыз   деп   еді.   Бұ   кісі   оған   болмады:   ол
жарамайды, онда бәріміз хайуан боламыз деді.
Бұл   көп   білетін   ақылды   жігіт.   Бұ   да   өзіндей   адамның   баласы.
Құдай біреу, жан біреу: Сен бұдан қорықпа, жақсы көр. Бұл кісі
сені жақсы көреді. Сені күтеді. Саған тамақ, киім әпереді, саған
жұмыс қылдырмайды. Қазақтікі қатын немене? Малай ғой. Байы
ұрады, соғады, жұмыс қылдырады, бәрі кір болып, жаман болып
жүреді.   Біздікі   орыс   законы   жақсы:   қатынды   ұрмайды,
(қолтықтағанды   көрсетіп)   былай   ұстап   жүреді,   тиатрға
апарады, гуләит қылады... деп, Ақбілекті үйір қылам деп, теке көз
көп   сөйледі.   Анда-санда   қара   мұрт   сөз   үйретіп   тұрды.   Ақбілек
көнетөз   жасыл   шапанын   көзіне   түсіре   бүркеніп,   белі   бәкіше
бүктетіліп   бас-аяғы   кірпіше   жиырылып,   құнысып,   жасы
мөлдіреген қара көзін жыпылықтатып, қара мұртқа анда-санда
көз құйрығын бір жіберіп, таңдана, үрейлене тыңдады.
Орыс сөйлеп отыр. Оның көп сөзі миына қонбады. Үлкен төре деп
мақтайды. «Төре» болса қайтсін? Мұның іздегені орыстың төресі
ме еді? Киім, тамақ әпереді дейді. Соларға зар болып, осылардан
сұрауға келіп отырған-ау! Шаруаны қатын істемейді дейді, енді
кім істемекші! Бекболатқа тисе, Ақбілек малай болар ма еді? Өзі
де істер еді, малшы қатынды да алар еді, байы ұрыспаса, ұрмаса,
қатын қайда кетпейді? Қатын не істемекші?.. Мұның бірде-бірі
құлағына бармады. Жалғыз-ақ Ақбілек үшін қара мұрттың жанын
қиғаны рас. Ендеше, жақсы көргені рас. Ендеше, жақсы көргендей,
Ақбілек   сұлу   екен.   Қазақ   тұрсын,   орыстың   боздақ   жігіті   де
Ақбілекке қызығады екен, жанын қияды екен. Әйелге бұдан артық
құн бола ма? Сый бола ма? Оның үстіне Ақбілек енді көп арыстың
талқысына түспейді, асыл қазынасын бір-ақ кісіге қияды. Қандай


кісіге?   Өзі   үшін   жанын   қиған   ер   жігітке...   Бірақ,   ойбай-ау!   Ер
жігіт   деп   отырғаны   аузы   түкті   кәпір   ғой!   Әлгі   дәретсіз,
сүндетсіз,   түрегеп   сиетін,   шошқа   етін   жейтін,   арақ   ішетін,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет