Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет9/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
қойшысы да байына ызалы екен. Екеуміз бірігіп, Шабанбайдан екі
сек,   Ахметтен   бір   марқа,   бір   тұсақты   сойып,   бұлаққа   тығып
қойып, бір  айдай азық қылдық. Суға салған етте дәм болмайды
екен. Бірақ ұрлығымыз шығып қалды. Оны айтып жүрген өзіміздің
қойшылар. Естай деген бір жарамсақ таз қойшы бар еді. Байына
жағынам  деп,  сол  иттің  бүлдіргені.   Шабанбай  екі қой,  екі  киім
ақымды шығарда бермей қалды.
Қалай   Бәдіғұлдың   жылқысын   бақтым,   солай   көзім   ашыла
бастады.   Қашағанды   жалғыз   ұстаймын.   Асауды   жалғыз
үйретемін. Күзетке жалғыз барамын. Боранда жылқы бағамын.
Аязбен, асаумен, қараңғы ұзақ түнмен, ұрымен, қасқырмен, қауіп-
қатермен алыспай адам — адам болмайды екен. Желден жаралған
желге мінбей, адамға желік бітпейді екен. Жылқы бақтым — күлкі
бақтым.   Алыс-жақын,   қатер   ойыншық   болды.   Жылқы   бақтым,
кісі болдым.
Енді мені әйел де менсінетін болды. Енді менің атым да, киімім де
түзелді.   Кедей   жатақтың   келіншектеріне   ет,   май   беріп,   көңіл
қостым.   Кейде   қасқыр   жеді   қылып,   жабағы   тайлап,   соғым   да
беріп   жүрдім.   Жылқы   бағып   жүріп,   қалың   беріп   қатын   алдым.
Бұралқы   жылқы   қағыстырып,   ен-таңбасын   бұзып,   пайда-
бақыршылық   қылудың   тәсілін   де   білдім.   Қатын   алғанда   ораза
ашарым да болды.
Жылқы   жұттан   кейін   енді   есікке   жүргім   келмеді.   Неде   болса,
алыс   жерді   де   бір   көрейін   деп,   барақотқа   жұмыс   қылуға
жалдандым.   Ертіс   ағып,   Өскемен,   Зайсан,   Семей   сияқты
қалаларды   да   көрдім.   Азын-аулақ   орыстың   тілін   де   үйрендім.
Орыспен араласып, орыс тілін үйренген соң, кеудеме нан піскендей,
өзіме-өзім әлдеқандай көріндім. Өзім – бір тұрған заңмын. Орыспен


де, қазақпен де сөйлесе кетемін. Елде жүрсем де, қалаға барсам да
өлмейтін   тәріздімін.   Адам   болған,   ел   билегендердің   менен   түк
артық   жері   жоқ.   Олар   білген   өтірік,   өсек,   ұрлық-қарлық,
сұмдықты   мен   де   білемін.   Олар   сөйлеген   сөзді   мен   де   сөйлей
аламын.   Қайта   мен   «Какой   шорт,   как   жы,   не   жоли,   ни   емеш
праба...» деп орысшаны араластыра соғып жіберуге өмірім келді.
Алыса   кетсе,   бір,   кісіден   таяқ   жемеймін.   Барақотта   жүргенде
ершікпен он пұтқа шейін көтеріп жүрдік. Араздаса кетсе, кісінің
бір   малын   жетелеп   кетуге   жараймын.   Енді   менің   ел   адамынан
қорғалайтын нем бар? Мен неден тайсалам. Жалғыз кемдігім қағаз
танымайтыным ғой. Мендейлер толып жатыр ғой. Әттең дүние!
Қолым   хат   білсе,   Күршін   өзенін   теріс   ағызар   ма   едім,   қайтер
едім...
Елге келген соң, атқа мініп, партияның сөзіне араласып, жаңа бір
қызметке ниет қып жүргенімде, соғыс болды да, оның артынан
төңкеріс   килікті.   Ақтар   қашып,   қызылдар   келіп,   қала-қалаға
орнады.   Балшабай   деген   бар,   кедейдің   пайдасын   сөйлейді,
балшабайға жазылған кісіні ауылнай қылады, болыс қояды, қолына
мылтық береді, «панимаш» мылтық береді, байдың малын, артық
қатынын, жерін кедейге тартып әпереді... деген лақаптар шыққан
соң, жатсам ұйқым, тұрсам күлкім келмеді. Мен де балшабайға
жазылып, мылтық алсам деп, ойладым да жүрдім. Ойға алғанын
істемеген жігіт, жігіт пе? «Біреу қазақ жақсы деді, біреу орыс
жақсы деді: шорт — пібри деп шоқындым да кеттім»,— деп бір
шоқыншақ   айтқан   екен.   Сол   айтқандайын,   неде   болса,   тәуекел,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет