Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет17/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

жантая кетті.
Сабан   төсеулі   балшық   сәкінің   ернеуінде   жаулығын   шалқайтып
қойып, Алтынай көйлекшең дәрет алып отырып, мұрнын қатты-
қатты   сіңбіре   берді.   Қызыл   алақандары   қошқар   мүйізденіп
кестеленген,  әлдеқашанғы жыртылған ақ орамалына беті-қолын
сүртіп жатыр:


—  Бүк  түсіп   жата  қалғаны  несі!  Атыңды қайтушы  ең?  —  деп
тоңқ етті.
Мұқаш басын көтерместен:
— Түске таман жібере сал! — деді.
Алтынай байына оқты көзімен бір қарап:
— Тұрып ыстық суынды ішпеуші ме ең?— деді.
Мұқаш:
— Жоқ,— деп басын бір қымтай түсті. Сонымен сөз бітті. Түн
баласында Мұқаштың жойылып кетіп жүргені бір бұ күн емес,
үйреншікті әдет тәрізденіп, Алтынайдың өршеленбейтіні сол еді.
Кішкене   баласымен   екеуден   екеуі   бір   қорада   жалғыз   жату
алғашқы кезде қорқынышты көрінсе де, жүре-жүре оған да еті
үйреніп кеткен. Кімге жалынсын, кімге сенсін?
Алтынай   малын   сауады,   өргізеді,   көздейді,   байлайды,   отынын
тереді,   отын   жағады,   суын   әкеледі,   күлін   шығарады,   тамағын
істейді,   киімін   өзі   тігеді,   үйін   жияды,   сыпырады,   қорасын
тазалайды. Мұның бәрі оған құдайдың бұйырған жұмысы тәрізді.
Жұмысым ауыр болды-ау, жаныма батты-ау,— деп, ол қабағын
шытпайды. Көзін тырнап ашқаннан, ұйқыға барғанша, күйбеңдеп,
не   қолында,   не   аяғында   бір   дамыл   бола   ма   екен?..   Жо-жо-жоқ.
Жұмыстан қалт етіп, қолы босаса, есік алдына шықса, ауыл үйді
қыдырса,   болмаса   абысын-ажындарымен   әңгімелессе,   қолынан
ұршығы   түспейді.   Алтынайға   тамағы   тоқ,   көйлегі   бүтін   болса
болғаны,   онан   өзгені   іздемейді.   Үй   міндеті   әйелде,   түз   міндеті
байында. Бұл құдайдың бұйрығы.
Бұрынғыдай емес, әсіресе, Алтынай тұрмысына енді ырза. Ырза
болмай не ғыпты? Байы атқа мініп, кісі болды. Кісі болғалы, үйі үй
болып келеді. Өмірі бітпеген қара ала сырмақ та, ақ киіз де төр
алдына пайда болды. Бұрынғыдай емес, Алтынай жымың қағып,
көкала   абдыраның   аузын   көбірек   аша   беретін   күйге   ұшырады.
Алтынайға ақ бәтес көйлек, жасыл жеңсіз де пайда бола бастады.
Алтынай   абысындарына   мақтанып   та   қояды.   Өйткені   ол   енді
«Ұлықтың» қатыны ғой.


Бұрын бұйығы, жаман Алтынайдың енді тілі де шығуға айналды.
Қатындар:   «Күйеуің   қайда   кеткен?»   –   десе,   «Қызметпен   болыс
ауылына   кетті»   немесе   «Ауылнай   шақыртқан   екен»   деп,
тұмсығын көтеріңкіреп, ернін бір жымырып қоятынды шығарды.
Әлде   біреу   кісідегі   ала   алмай   жүрген   ақысын,   не   қорлық   көріп
жүрген,   ұзатқан   қызын   сөз   қылса,   Алтынай   көлденеңнен
қыстырылып: «Оныңды біздің әлгіге неге айтпайсың?» деп қоятын
болды. Алтынай аузына енді «Әлгі» көбірек түседі, өйткені оның
қолынан келмейтін іс бар деп білмейді.
Байын  сондай   көріп  жүрген  Алтынайдың  бүгінгі   мінезінің   тіпті
дәмі жоқ қой. Бәсе деймін-ау! Жоқ, Алтынайдың өзінше дәмі әбден
бар.   Алтынайға   құдайдың   берген   бір   мінезі:   анда-санда   кілтің
етіп, кекжиіп қалатын, ар жағында, пәлендей зілді өкпесі болмаса
да,   күйеуіне   іші   ырза   болса   да,   бержағы,   сырты   өп-өтірік.
Қыртыңдаған, наразы кісімсіп, сыр бермейтін. Сонысы ма, немесе
өзі   Алтынайлығын,   жан   екендігін,   Медеудің   анасы   екендігін
көрсеткісі   келді   ме,   әйтпесе   «әлгі»   тысқа   шығып   келгенде,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет