Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет6/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
шаппады ғой. Әйтпесе түсіріп алатын кісі едік. Есіл жарым, екі
көзің жәудіреп, орысқа қор боп кеттің-ау! Жұртым-ау, менде не
жазық   бар?   Ақбілекті   жіберіп   қойғандарың   ба?   Кеудеде
шыбындарың болса, неге қимылдамайсыңдар?
ӘПЕСЕР
Мал-мүлкімді талады, кісімді өлтірді, қызымды алып кетті деп,
бізді бұзық адам көріп, қазақтар жазғырады-ау. Дүниеде не боп
жатқаннан   хабарсыз,   ауылынан   адым   жер   шығып   көрмеген,   аң
сықылды жайылған қазақ, біздің неғып мұндай күйге түскенімізді
қайдан білсін?
Ата-анадан, туысқаннан, туған жерден кім безейін деп ойлайды?
Еркін,   қызық   өмірді,   жан   тыныштықты   кім   жақсы   көрмейді?
Сұлу   әйелдің   от   құшағын,   тәтті   лебізін   кім   аңсамайды?   Адам
тілегенін істеуге ерікті болса, тұрмысы осындай  болар ма еді?
Біреу ырысты, біреу сорлы болар ма еді? Адамда ерік жоқ. Адам
лажсыз   елінің   тілегіне   бағынады.   Дүниеде   тағдыр   бар,   лажсыз
өмірге қону бар: тағдырда бостандық, еркіндік деген жоқ.
Тағдыр айдамаса, осынау Қытай шегіндегі Алтай тауына, қазақ
арасына   біз   келер   ме   едік?   Мен   Тамбау   губернесіндегі   бай
алпауыттың   кіші   баласы   едім.   Бабамыз   Александр   патшаның


әскеріне қолбасы болып, түрік соғысында мақтау алған кісі екен.
Әкеміз   соғыс   уәзірінде   үлкен   төре   болып,   мосқал   тартқанда,
Тамбаудағы ата қонысына келіп, егін салдырып, шаруа құрды. Мол
жер, бақша-бау, салтанатты сарай, қос-қос арғымақ, солқылдақ
арба, жүйрік ат, жүйрік тазы дегендер бізде болушы еді. Бір ағам
үніберсітет   бітіріп,   атбекет   болып,   одан   соңғы   екеуміз   әскер
академиесін   бітіріп,   әпесер   болып   едік.   Ағайынды   төртеуміздің
ішінде ажарсызы мен болсам да, ерлігіммен герман соғысында қол
бастап, бір рет шен алдым. Патшамыз соғыс ашқанда, ел-жұрт,
отанымызды   қорғауға,   біз   соғысқа   бардық.   Отанды   біз
қорғамасақ, орыс күшті жұрт болмаса, осы надан қазақ күн көре
алар ма еді? Орыс сияқты жері мол, қолтығы кең жұрттың қол
астына қарағанына қазақ тәубе қылу керек қой. Анығында қазақ
мемлекетке не пайда келтіріп отыр? Түндік басы жылына төрт
сом   алым   төлегені   болмаса,   әскерге   лау,   азық   бергені   болмаса,
бұларда   не   шығын   бар?   Тек   қымызын   ішіп,   қарнын   сипап,
қатынына   қарап,   борбайын   тыр-тыр   қасығанды   біледі.   Патша
қазақты қара жұмысқа алам дегенде, қандай қорқып, абыржып,
қиратылып   қалды.   Қазақ   солдаттан  өлгенше   қорқады.   Баяғыда,
қазақ   орысқа   қарағанда,   қатын   патша,   қазақтан   солдат
алмаймын деп, қолхат беріпті-міс деп, талшық қылады. Тегінде,
қазақтың   солдат   болудан   қорыққаны   бізге   теріс   те   емес.   Кім
біледі,   қолына   қару   берсе,   орыс   жұртына   жау   болып   кетпесіне
кімнің көзі жетеді? Онда ұлы Ресейдің жұрты кемиді, жері, елі
азайып   қалады.   Қазақтың   малы,   елі,   бұйымы   басқа   елдің
пайдасына кетіп қалуы мүмкін. Әйтеуір қазақ өз алдына ел болып
жатқан жоқ. Ендеше, орысқа бағынуы керек. Орысқа жақын арқа
көзеу қыларлық қазаққа күшті жұрт жоқ. Қазақ орысқа жерімді
алдың деп өкпелейтін шығар. Жер қазынанікі ғой, орыс өсіп жерге
сыймай жатса, бос тұрған жерді алмай қайтеді? Қазақ жер кеп,
баяғыдай   көшіп-қонып,   кең   даланы   шарлап   жүре   беремін   деп
ойлайды. Жер жүзінде жалғыз қазақ емес, өзге жұрт та бар ғой,
оларға   да   тіршілік   керек.   Ендеше,   артық   жеріңді   алғанға




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет