Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет23/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

теріп   береді;   шашына,   омырауына   күздің   солғын   гүлін   қадап


береді, көк шалғынға аунап, құшақтасып жатады; тау өлкесіндегі
бұталы   бұлаққа   апарып,   Ақбілектің   мәсісін   шешіп,   аяғын   суға
малып, ақ балтырына қара мұртын жыбырлатып сүйеді; Ақбілек
шаршаса,   мойнынан   құшақтатып,   тақылжырынан   бір   қолын
салып,   көлденең   көтеріп   жүреді;   шайды   өз   қолымен   ішкізеді;
нанды, етті өз қолымен аузына апарады; екеуіне төсекті қағып,
сілкіп,   қостың   ірге   жағына   өзі   салып,   өзінің   сүр   шекпенімен
қымтап,   бауырына   басып   жатады;   ернін   жеп   қоятындай,
құшырланып, ұзақ сүйіп, қатты қысып, о жер, бұ жерін ұстап,
қытықтандырғанда,   Ақбілектің   жүрегі   аузына   тығылып
тамырлары тұтанып, жанып кеткендей, тұла бойы шымырлап,
көзін   жұмып,   өзін-өзі   ұмытып,   әлсіреп,   керіліп   жата   кетеді...
содан кейінгіні өзі де білмейді... басқа бір дүниеге кіргендей болады.
Осынша өліп-өшіп, өзеуреп, еркек басымен әйелге мұнша кішірейіп,
ит сияқтанып, аяғына шейін жалағанына Ақбілек түсіне алмайды.
Мені алдаймын, жұбатам деп істей ме? Жоқ, шынымен жақсы
көргені ме? Болмаса, көптен әйел көрмей құмартқаны ма? Әйтеуір
орыс шіркіннің орыстығы-ау деген ойға келіп тоқтайды да, одан
арғысын   болжай   алмайды,   Қайткенмен   қара   мұрттың   қылығы
бәрі   жат.   Кейде   Ақбілек   сонша   бәйік   болып   отырғанына,   еркек
басына ұят қой деп, ішінен жиренеді, кейде өзін әлдеқандай көріп,
өзін-өзі жұбатқан болады. Қалайда екеуінің арасы жер мен кек
тәрізді, дене жақындығы болғанмен жан жақындығы жоқ тәрізді.
Бір күні қас қарайған кезде, орыстар бір жаққа баратындай қару-
жарақтарын   қамдап,   мылтықтарын   сытырлатып,   оқтап,   ер-
тұрмандарын салдырлатып, балдырлап сөйлеп, аттарын ерттеп
әбігерлене   бастады,   Қара   мұрт   пен   екеуі   тоғай   аралап   келгені
жаңа   еді,   Ақбілек   қосқа   кіріп,   солдат   көрпесінің   үстінде
шынтақтап,   үһілеп,   ауылы   есіне   түсіп,   босаға   жақтағы   қара
астауға көзін салып жатыр еді. Даладағы олай-бұлай жүгірісіп,
ат   ерттесіп,   әр   жерде   күбірлескен   көп   орыстарға   қара   мұрт
барып бірталай сөйлесті. Қабағы түсіп, түсі сұрланып, қайтып
келді   де,   о   да   мылтықтарын   сүртіп,   оқшонтайларына   оқ


толтырып,   киім,   ер-тоқымдарын   жинап,   қамдануға   кірісті.
Ақбілек   басын   көтеріп   алып,   «Қайда   барасың?»   дегендей   қара
мұртқа   таңдана,   үрейлене   қарады.   Қара   мұрт   төмен   қарап,
күйбеңдей берді, бір мезгілде тысқа шығып кетіп, тілмашын алып
келді.
— Біз соғысқа барамыз. Сен қайтесің? — деді Ақбілекке. Ақбілек
көзі бажырайып, не дерін білмей, сасып қалды.
— Қайда болғың келеді? — деп тағы сұрағанда, Ақбілек мойнын
әнтек   қисайтып,   бұғағын   бұлтитып,   жалынған,   назданған
дауыспен:
— Ауылыма қайырмайсың ба?— деді.
Қара мұрт басын шайқады.
Ақбілек кірпігін жыпылықтатып, жерге қарады.
Тілмаш тағы сұрағанда, Ақбілек:
— Тым болмаса жақын жердегі бір ауылға жеткіздірсеңіз... — деп
көзіне жас келіп қалды.
Қара мұрт басын тағы шайқады да:
— Бізбен бірге жүргің келмей ме? — деді.
— Соғысқа ма? – деді Ақбілек еңсесін бүкжитіп.
— Соғысқа, — деді қара мұрт, иегін бір қағып.
Ақбілек басын шайқап:
— Ендеше, мені осында-ақ тастап кетіңіз, — деді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет