Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет62/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
жазылады   екен?!   Япырау   бұлар   мүлде   осыған   үйреніп   алған-ау!
Орыс болған-ау! Әке-шешесін, ел-жұртын бұлар да ойлай ма екен?
Бұлар да бізге ұсап Ақбілек сынды қызды жақсы көре ме екен?..
деген ойлармен ауыз үйде отырып қалды.
Матүшке   келіп,   орындықтарды   қозғап,   үстелдегі   ыдыс-
саймандарды   жия   бастады.   Бекболат   матүшкеге   оралғы   бола
берген   соң,   тысқа   шығып,   қолын   жуып,   бой   жазды.   Өйткені
шылымның түтінімен басы зеңіп қалған екен.
Есік алдындағы тепкішекте Бекболат бірқыдыру отырып қалды.
Ауруханада   ағып   тұрған   Жылтырдың   сөзінен   басы   даң   боп,
Бекболат тезірек елге кетсем екен деп бір ойлап еді. Енді мынау
өңшең орысша сөйлескен, шылым тартқан, арақ ішкен, бықсыған
қазақ әкімдерін көрген соң, тағы да ел есіне түсті. Тағы да елге
қайтқысы   келді.   Бұлардың   ішінде   елеусіз   бөтен   кісі   боп
отырғанша,   мен   де   өзімді   ұғатын,   өзіммен   қалжыңдасатын,
өзімді   қадірлейтін   жолдастарымды   көрсем   екен,—   деп   ойлады.
Ауылдан   кісі   қатынасатын   кезі   болса   керек   еді.   Не   ғып   келмей
жатыр? Әкей де сөзбен әулігіп кеткен біртүрлі зең бас адам ғой!
Мені керек қылмағаны ма?— деп ішінен әкесіне ренжіді.
Бекболат   ауыз   үйге   кіргенде,   төргі   үйдегі   төрелер   қызу-қызу
айтыста   жатыр   еді.   Бір   мезетте   Бекболаттың   құлағы
«Матайдың Әбені», «Мұқаш» деген сөздерді шалып қалды. Мұқаш
—   кәдімгі   Ақбілекті   шығарып   беретін   Мұқаш,   Әбен   —   мұның
әкесімен   араз   боп   жүрген   Әбен.   Екеуі   де   Бекболатқа   керекті
кісілер ғой. Бекболат ептеп кіріп, босаға жақтағы бос орындыққа
отырып, әңгімеге құлағын тікті.


Сөйлеп тұрған Балташ екен. Үстелде жаюлы жатқан бір қағазды
алақанының сыртымен соғып қалып:
—...бұл арыздағы сөздің бәрі рас... Бай неліктен бай болады дейсің?
Елді жеумен,  нашардың  қанын  сорумен,   солардың  еңбегімен  бай
болады.   Матайдың   Әбені,   меніңше   елді   құртқан,   барып   тұрған
сыболыш кісі, ең зиянды элемент. Меніңше, оның көзін жою керек.
Мұқаштың   үстінен   мына   материалды   бергізіп   отырған   да   сол
сыболыш!..   Рас.   Мұқашты   да   мен   тап-таза   жігіт   деп   айта
алмаймын.  Елге  зияны  тиген  де шығар;  бірақ  оның зияны  байға
тиді.   Ол   —   нағыз   коменес,   идейный   коменес.   «Цель   оправдает
средства» деп орысшалап барып керуетке отырды.
—   Жолдастар,   маған   кішкене   сөз   беріңдерші!—   деп,   бір   көзін
қысып, Доға қолын шошайтты.
Ақбала тұмсығын көтеріп, Доғаның бетіне қарады да:
— Е, айта бер,— деді.
— Айтқанда былай, — деп Доға бір қолымен мықынын таянып,
тартымды кісімсіп бастады: — Матайдың Әбені бай екені де рас,
болыс болғаны да рас. Знашіт ол елге беделсіз емес, беделі бар.
Бірақ құр бай екен деп, байдың бәрін бір күнде жоқ қылуға бола
ма?  Болмайды  ғой.  Знашіт,   мынау   арыздағы  сөздің  көбі  бекер...
бекер.   Мұны   жазып   отырған   белгілі   атшайный   Тақырдың
Жылтыры,   Жылтыры...   Оның   қазір   қылмысы   мойнына   түсіп,
аристабайт   етіліп   отыр,   етіліп   отыр...   Знашіт,   бұл   арызды
қолданып   іс   қылуға   болмайды,   болмайды...   Ал   Мұқаш   болатын
болса, о да тонын партияға айналдырып жамылып жүрген бір қу,
бір қу...
Знашіт,   оның   ойы   болыс   болу,   болыс   болу...   Осы   күні   партияға
ұры-қарылар да кіріп кетіп отыр. Жаман ауыл жәшейкесіне жегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет