Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет79/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

маңдайынан   иіскеуші   еді;   «Жел   қарысар,   беліңді   буынсайшы,
түймеңді   салсайшы»   деп   жаны   ашып   отырушы   еді.   Енді   оның
бірде-бірі   жоқ,   жатырқап   қалған   тәрізді.   «Апамның   қайғысы
шығар... Үйде кісі болған соң, именетін шығар...» деп ойласа да,
Ақбілек   әкесінің   оңашада   да   бір   ауыз   тіл   қатпағанына   қапа
болады. О түгілі әкесі Ақбілекпен оңаша қалудан қашатын тәрізді.
Әкесімен екеуінің арасынан қара мысық кесіп өткендей бір өткел


түскенін   Ақбілектің   жүрегі   сезеді.   «Әкесінің   қабағы   қашан
жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?..»
деп сарылып,  сарғайып күтеді. Әкесінің  көзі түсер ме екен деп,
көзінің   қырымен   жансыз   аңдып   та   отырады.   Бір   қараса   да
қайғысы   жеңілетіндей,   бақытты   болатындай   көреді.   Сондада
әкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен  де мынау
жаман батты. «Жар дегенде жалғыз әкем мені жек көрсе, енді
мен кімге сыямын?» деп қайғырды. Міне ендігі ауыр күрсіндіретін
жаңа қайғы осы еді.
Ақбілек бұл қайғысын тірі жанға сездірмей, көп жүрді, көп күтті,
көп   дәмеленді.   Далаға   барса   да   Сара   мен  екеуі   оңаша   қалса   да,
сіңлісін бауырына басып, көз жасы бұршақтай домалайды. Неге
жылай беретінін сіңлісі білмейді, көзі жаутаңдап: «Тәте қойшы,
тәте қойшы!» дей береді. Ақбілек көзін сүрткен болады; бауырын
уатып басынан сипаған болады. Аз толас боп тұрады да, жаңбыр
тағы тамшылайды.
Ақбілектің   бұл   дерті   ұлғайды.   Ұлғая-ұлғая   ішіне   сыймауға
айналды. Кімге айтар? Кімге шағар? Кім болушы еді? Жасынан
бергі сырласы — Ұрқия жеңгесіне айтпаса.
Ұрқия   —   Әмірдің   қатыны.   Әмір   —   Мамырбайдың   немере   інісі
(Әмірдің   әкесі   Тәуірбай   Мамырбаймен   бірге   туысқан   ғой).   Әмір
өзіндік ораза ашары бар біртоға, момын жігіт. Ұрқия түскелі он
жылға айналып барады, жасы 27-ге келді. Бар айыбы: пұшпағы
қанаған   жоқ,   әйтпесе   жібі   түзу   әйел.   Бәйбіше   тірі   күнінде
Ақбілегін ойынға немесе бөтен ауылға жібергенде, жалғыз Ұрқияға
сеніп,   қасына   соны   қосып   беруші   еді.   Туған   шешесінен   соңғы
Ақбілектің   жақсы   көретін   жақыны   да,   әдеп-өркен   үйренген
ұстазы   да   Ұрқия   еді.   Өз   үйінде   айналар   бала-шағасы,   кәусар
шаруасы   болмаған   соң,   Ұрқия,   бәйбіше   өлгелі,   Мамырбай
ақсақалдың туған келініндей боп, үйін ұстап тұра қалып еді. Осы
Ұрқияға бір күні Ақбілек дөң астында отырып, қайғысын сөйледі.
Ұрқия тыңдады да:


— Шырайлым-ау! О кісі апамның өліміне қайғыратын шығар. Сені
неге жек көрсін?..— деді.
Десе   де,   ақсақалдың   баласына   салқындағанын   Ұрқияның   да   іші
сезуші еді. Ақбілектің көңілін аулағалы әлгідей дегені болмаса о да
төмен қарап шөпті ширата берді. Онысы өз ойын айтарын да,
айтпасын да білмей ойланғаны ғой.
Ұрқияның ойланғанын Ақбілек те сезді:
—   Мен   байқаймын   ғой.   Менен   бойын   қашықтата   береді.   Мені
көрмеген кісі секілденеді. Неге сезбейсің? Сен де сезген шығарсың?
Кеше Сара екеуміз оңаша отырғанда, үйге басын сұға түсіп, бізді
көрді де, шығып кетті. Іле-шала сен де келдің. Сен сезсең де, маған
айтпайсың ғой! Мені ренжір деп, аяйсың ғой. Сенің оныңды мен,
білмеймін бе?.. Апамнан соңғы бар сырласатын кісім сен едің. Сен
де   ішіңе   бүкпе   сақтайтын   болдың   ба?—   деп   Ақбілек   қамығып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет