Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет117/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

ертең келмек боп, қош айтысты.
Ертеңінде   «Кашти»   жырасымен   ағып   екі  әйел   Ертіс   шетіндегі
«Маған   кел,   маған   кел!»   деген   көп   қайықтың   бір   бүтіндеуіне
отырып Аралға тартты.


Әне   жерге,   міне   жерге   барса   да,   орыс,   ноғайдың   қыз-қатыны,
қолтықтасып жылт етіп шыға келеді. Оларды көргенде келіншек:
— Осылар-ақ үйінде отырмайды екен,— деп қояды.
Оңаша орын іздеп, екі әйел Аралды өрлеп барып, Алаш жақтағы
орманның   бір   алаңқайына   алдын   бере   отырып,   әңгімесін   қайта
қозғады.
— Ия, сонымен?
...— Сонымен, жазға салым ауылға ағатайым келді. Мен әлі әкеме
көріне   алмай,   Ұрқияның   үйінде   жүруші   едім.   Әңгіменің   бәрін
ағатайым естіпті. Әкемді көндіріп, ағатайым үйге алып келді...
Бетімнен отым шығып әрең бардым.
Елде бір жарым ай тұрған соң, ағатайым мені қалаға алып кетті.
Әкем үндеген жоқ. Өзі де құтыла алмай жүрген кісі ғой. Қайта
келгенімді тәуір көрген шығар...— деп әңгімеші әйел қалтасынан
орамалын алып, мұрнын сүртті.
Сөз   әлпетінен   оқушылар   өзі   де   сезген   болар.   Бұл   әңгіме   айтып
отырған   Ақбілек   еді.   Анау   Камила   деген   келіншек   Ақбілектің
шешесімен бірге туысқан, бұрын болыс болған Бояубайдың қызы
еді.   Ақбілектің   туған   нағашысы   болды   ғой.   Ендеше   Ақбілектің
әңгімесіне құлақ салайық.
—   Ағатайым   қаладағы   бір   Мағиша   деген   оқыған   қызды   алғалы
жүр   екен.   Орал   тауынан   ауып   келген   естек   қызы.   Бір   мұғалім
ағасы бар. Үйелмелі-сүйелмелі екі қыз екен. Бізге ұсап, дәм айдап
келген ғой. Көргенді жердің балалары болса керек.
Бір жұмадан кейін сол жеңгемізді алды. Оқығандардың үйленгені
де   бір   түрлі   ғой.   Құда   түсер,   қол   ұстатар,   шаш   сипар,   ілу,
жыртыс,   киіт-сиіт,   кәде-сәде   дегеннің   бірде-бірі   жоқ.   Томаға
тұйық   үйге   алып   келіп,   қонақ   шақырады   екен.   Қыз   ибасы   да,
қынамендесі де, тойы да — сол. Бір соғар.
Жаңа   жеңгей   де   ұялған   жоқ.   Ағатайыммен   тізелесіп   отырып,
қонақ күтіп, өзі жүгіріп жүрді. Естек болғанмен, өзіміздің қазақ
сияқты қытығы жоқ, кең пейіл, тәуір адам екен. Көзі қап-қара,
денелі, келбетті кісі...


Жеңешемді   сөз   қып   кеттім-ау!   Оны   айтатын   да   жөнім   бар.
Ағатайымнан да маған оның қызметі асты. Мені адам қылған со
ғой...
Он   қолынан   өнері   төгіледі.   Шаруаға   да   біртүрлі   көріпкел.
Тамақты   қандай   қып   пісіреді!   Неше   түрлісін   істейді.   Ішпегенді
ішкізді...
Өзі бір саудыраған, ақ көңіл, бала сияқты адам. Не десең соған
нанады.   Ағатайымның   бар-жоғын   білдірмейді.   Келген   кісімен
еркекше сөйлеседі. Менің көзімді ашқан со жеңгем ғой, әйтпесе...
— Ал сонан кейін қайда бардың?
—   Содан   кейін   ағатайым   со   жылы   Семейге   барды.   Қызметке.
Мені де ала барды. Пәтер-тұрмысымыз жайлы болды.
Сол кезде бір курс ашылып, ағатайым мені сол курске түсірді.
— Курсің немене?
—   Ондайды   елі   білмейді   екенсің   ғой.   Бала   оқытатын   сондай
мектеп болады.
— Үйден шықпаймын. Қайдам...
— Оның да рас қой... Курсте менен басқа да төрт-бес қыз оқыды.
Көбі еркек. Қазақша хат танығаным болмаса, дүкенді, оқуды кім
көрген. Әуелде түк түсінбей жүрдім. Өзіміз оқитын ескі молдалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет