Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет125/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

—   Ол   өткен   уақытта   сіз   сияқты   талай   қызға   құмар   болған.
Аяғында жаратпаған, алмаған, — деді.
— Өткеннің маған керегі жоқ,— дедім азғырғалы келе жатқаным
білдім.
—   Нанбасаңыз,   міне   оның   күнделік   дәптері,—   деп   омырау
қалтасынан бір кішкене кітапшаны суырып алды.
— Сіз мұны қайдан алдыңыз?— дедім.
— Жолдаспыз ғой, алдым,— деді.


— Жолдасыңыздың дәптерін ұрлағаныңыз ұят емес пе?— деп мен
қызарып, ашуланып кеттім.
— Оның ұятын мойынға алдым. Осы дәптерде оның бір қызбен
жүргені   бар:   соны   сізге   көрсеткелі   әкеп   отырмын.   Күйеуіңіздің
қандай адам екенін білу әлде сізге керек емес пе?— деді.
— Керек емес,— десем де қызбен жүргені дегені қызықтырайын
деді.
— Тыңдасаңыз, оқиын, — деді.
— Оқи қойыңыз,— дедім.
Оқыды.
— Сол дәптер осы күнге дейін менде жүр. Камила, сен тыңдайсың
ба? Оқиын.
Камила: — Қарап отырғанша, оқысаң, оқы, естиік,— деді.
— Оқыған жігіттердің бұл бір — сыры ғой. Әйел туралы олардың
ойын білу қызық емес пе? Еркек туралы біз де ойлаймыз ғой.
— Өзі не жазыпты?
— Бір қызбен жүргенін жазыпты.
—   Ал,   оқы—   дегенде   Ақбілек   ақ   кенеп   пальтосының   омырау
қалтасынан кішкене кітапшаны суырып: — Өзім де саған оқығалы
ала келіп едім,— деді.
—   Камила-ау,   дәптерді   оқымай   тұрып   саған   айта   кетейінші.
Ақбала өзі әуелде Семейде қызмет қылған ғой.
— Семейдікі ме еді өзі?
—   Ия.   Семейдікі.   Балташ   та   Семейлік   қой.   Семейде   тұрғанда,
Ақбала   үлкен   орында   болған.   Неліктен   екенін   білмеймін,   бір
жұмысынан   қате   тапты   ма,   Ақбаланы   бір   жылы   қысты   күні
үлкен   орнынан   түсіріп,   бір   үйездік   қаладағы   школға   жіберіпті.
Қызметтегі жігіттерді бірден-бірге ауыстырып отыратыны бар
ғой.  Сол кішкене қалада тұрғанда, Ақбала осы дәптерге күндегі
көрген-білгенін жазып жүреді екен. Өзі толып жатыр. Мен саған
мына қызыл қарындашпен белгілеп қойған жерлерін оқимын.
— Ал, ия.
«Февраль — 5. Дүйсенбі.


...Школдан   қайтып   келе   жатқанда   Күлән   қасымнан   өтті.   Мен
оған   жолығудан   қашып   жүрмін.   Бірдеңе   айтқысы   келді   ме   деп
ойладым...   Әбікен   қатын   алу   жағынан   сөз   қозғады.   Бір   өсек
естіген   екен   деп   жүрдім.   Мен   оқыған   қыз   туралы   пікірімді
айттым. Ол күліп өз ойын білдірмей кетті...»
— Күләні кім?
— Күлән — Ақбаланың құмар болатын қызы. Тыңдай бер.
— Қыздан қашқаны несі?
— Кім білсін?.. Араларында бірдеңе болғаны ғой.
«Февраль — 6.
Мен   қайтып   келе   жатқанда,   Күлән   мен   Жәкім   сөйлесіп,   күлісіп
келе жатты. Күләнді кеше де бір жігіт алдынан шығып, ертіп
апарып салып еді. Сол тағы кездесіп, соңына еріп кетті».
«Февраль — 7.
Исполкомға барып қайттым. Қапай баяндама жазып отыр екен.
Тұяқ деген пелшер, тағы бір оқыған жігіт келді. Қаратау елінде
партия   тақырыпты   кедей   ауылнайларға   еңбек,   көлік   салығы
аудара салынса керек...»
— Мұның керегі жоқ. Мұны неге белгіледі екен? Міне жерін оқиық:
«Февраль — 9.
Қапай   келді.   Көшеге   шығып   жүрдік.   Садық   жолықты.
Әңгімелестік.   Тергеуші   Жақыпұлы   пара   алып,   Сексентаевті
залогке шығарыпты...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет