Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет127/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Елден безген соң — бір орыс болғаның».
— Онысы да рас қой.
«Февраль —17.
X.   қаласындағы   азаматтардың   бір   өзгеше   мінезі:   саты   арқылы
болмайтын   нәрсе   жоқ   деп   біледі.   Ісінің   ақтығына   сенетін   кісі
жоқ, сатыға сенеді. Жауыздықтың тиылмауына бұ да бір себеп.
Әжептәуір   бір   оқыған   жігіт;   абақтыдағы   пәленшелерді   кепілге
шығарып алыңыз,— деп, маған хат жазыпты. Міне қызық».
«Февраль — 27.
Қадиша жеңгей (Күләннің жеңгесі. Күйеуі Семейде қызметте ғой)
шақырыпты. Қапай екеуміз бардық. Көр-жерді сөйлесіп отырып,
сағат он бірде қайттық. Күлән бізге самса істеп, ас үйде жүрді...
— Е, мұнда Күлән бар екен?
Шәй   жасап   құйып   берді.   Беті   қызарыңқырап,   қолын   сүртініп,
шашын түзеп, қымтырылыңқырап  отырды. Үстел ортасындағы
лампы   екеуміздің   арамызда   еді.   Лампаны   іргеге   таяп   қойды.
Лампы олай қойылғанда, ол самауырдың көлеңкесіне  түсуші еді.


Мен жарықта қалушы едім. Лампыны алып, оның орнына жент
салған кішкене тарелкені қойды. Бізге  жақындатпақ. Бұдан мен
үш түрлі мән шығардым: 1) Өзін самауырдың көлеңкесіне түсіру
үшін,   2)   Жентті   бізге   жақындату   үшін,   3)   Арамызда   лампы
қалытқы болмас үшін қойылу керек. Бастапқысы болса да теріс
емес: от басына қызарып, сыны бұзылып келген түрін жасыру да
— бізге жақсы көріну. Жентті кім болса, соған жақындатады ғой.
Соңғысы болса да, одан да жақсы».
— Тү-у-у! Бір лампыны қозғағанның өзін сонша сөз қылғанын!
— Еркек тіпті уақ нәрсені де аңдиды ғой. Жақсы көрген-дағы.
— Иә, тағы.
— Міне.
«Март —10.
Таңертең   төсекте   жатқанда,   бір   ой   келді.   Күләннің   маған   көз
қарасын білу керек. Бұл күйде жүре беру мүмкін емес. Бірдеңе іздеу
керек,   істеу   керек.   Әйтпесе,   іштей   тынып   өлетінмін.   Қапайға
ақылдастым.   Ол   жеңгесі   арқылы   сөйлесуді   қолайсыз   көрді.
Арамызда жүретін бала арқылы білуге болмаса, өзімен сөйлесуге
бел байладық».
— Өзі әлі сөз байласпаған ғой?
— Солай ғой.
«Март —12.
Қапай   кеше   кешке   барған   еді.   Ойлағанымдай   түк   бітіре   алмай
келіпті. Жәкім болыпты: сөйлесе алмапты.
Сәскеде он бір жарымда тауға — аңға шықтық. Сейілге десе де
болады.   Бізбен   бірге   Қадиша   жеңгей,   Күлән,   Жәкім,   бір   орыс
пелшер   және   Қасен   болды.   Қыздармен   жарыстық,   сөйлестік.
Қапай   Күләнмен   сөйлесіп   келе   жатты.   Мен   Жәкіммен   біраз
жүрдім.   Түсіріп   алған   қамшысын   алып   бердім.   Бүлдіргелі
қамшымды айырбас қылдым...
Қайтарда Күләнмен біраз сөйлестім. Бұрынғы қалжыңы, күлкісі.
«Оқимын...   пәлен-түген...»   деп,   жарытып   жауап   бермеді.
Ойлаймын: сезімі күшті әйел емес: әулікпейді,  қызбайды.  Қанша


ақылды,   әдепті,   білімді,   есті   болғанмен,   әйелге   жарастықты
сипат   сезім   ғой.   Сезімсіз   әйел   —   иіссіз   гүл.   «Оқимын.   Күйеуге
тисем, оқи алмаймын» дегені не деген сөз? Оқу — ақыл тілегі. Сүю
—   сезім   тілегі.   Онда   не   сүю   жоқ,   не   сезім   кем,   немесе   ақылы
басым...   «Сүймеймін»   деуге   ауызы   бармайды:   көңіл   жыртқысы
келмейді. Оқуды сылтау қып, аяқсытып, сүйретпек шығар. Сезім
(сүю) өзгенің бәрін жеңу керек емес пе? Ұға алмадым. Хат жазып,
ақтық сөзді айту керек.
Кешке бір кекселеу қазақ қатыны келді. Бәйке деген мелисенердің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет