Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет123/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

айтып қоя берем. — Сіздің пікіріңіз маған ұнайды, — деп қояды.
Біздің елді, туған-туысқандарымды сұрады. Тағы да бержебаймен
апарып   салды.   Қолымды   жұмсақ   ұстап,   қайта-қайта   қысып
айырылды.
Жақсы   көрген   кісінің   тілі   айта   алмаған   нәрсені,   көбінесе,   қолы
айтады ғой. Сен оны байқадың ба, Камила?
— Ол рас,— деп, Камила бір күрсінді.
— Айтпақшы ұмытып барады екем. Тиатрда әнеугі Балташ деген
жігіт те болды. Орны бізден бөлек еді. Антыракты кезінде біздің
қасымызға  келіп, екеуі екі жағымнан телмеңдеп сөйлесіп жүрді.
Екеуі екі қанатым тәрізді. Екеуін сермеп ұшып кететін тәріздіміз.
Көңілім   көтерілгені   сонша,   Балташ   менің   ойлағанымдай   емес,
недәуір  білетін,  артық желігі жоқ, сыпайы,  есті жігіт көрінді.
Өзім  әйтеуір  солай ойладым.  — Сіз ойынға  келетін  бопсыз ғой!
Қалай... ойын ұнады ма?..— деген сықылды, о да сөз қатып қояды.
Екеуі   бірдей   өліп-өшіп   жүрген   соң,   маған   азырақ   желік   пайда
болды.   Азырақ   емес-ау,   үлкен   желік.   Маған   қызығып,   таласып
жүрген секілді көрінеді. Өзім солай жорып қойдым.
Бір күні көшеде Балташ жолығып, қасыма еріп жүріп, бірқыдыру
сөйлесті.   Ақбала   сияқты   әдемі   сөйлемеді.   Кідіріп,   кібіртіктеп,
ыңылдап   қояды.   Оның   сөзі,   көбінесе,   оқу,   тұрмыс,   көктем...
жайынан   боп   келді.   Қыз   жайынан   сөйлеуге   қыры   жоқ   секілді.
Айырыларда қолымды ұстап тұрып: — Сізбен бір сөйлесейін деп
едім. Уақытыңыз болар ма екен?— деді. — Болар,— дедім. Әлгінің


ұялаңдағаны   ұнап   кетті.   Не   айтар   екен   деп   ойладым.   Әйелдің
сондай жеңсігі қала ма?
Үш күннен кейін бір баладан хат жіберіпті:
«Ақбілек   жолдас!   Уақытыңыз   болса,   сағат   алтыда   Марс
бақшасына   келуіңізді   сұраймын.   Жауабын   осы   баладан
қайырарсыз. Балташ» депті.
— Міне қызық!
— Қызық деймін өзі!.. Ақбалаға көңілім кетіп қалған ғой.
Оның   үстіне   көлденеңнен   Балташтың   киліккені   қызық   болды.
Бармайын   десем,   көңілі   қала   ма   деп   ойлаймын.   Әйелдің   сондай
жерде көрсеқызарланып кететін жыны бар ғой. Өзі жазғытұрым
кез еді. Сабағымызды тыңдатып өтіп: көңілім көтеріңкі еді.
Айтқан уақытында бардым. Барсам жоқ. Әлі келеді — жоқ, әлі
келеді   —   жоқ.   Енді   қайтайын   деп,   ренжіңкіреп   отыр   едім.
Жайықтың   жиегімен   жалаңбастанып,   апыраңдап   келе   жатыр
екен. Күттім.
Келіп амандастым.
—   Көп   күттірдім   бе?   —   деп   кешірім   сұрады.   Бір   жұмысқа
алданған екен. Тағы да, көпке дейін сөз бастай алмай, қипақтай
берді. Бір уақытта жұлып алғандай:
— Кісіге  осы үйленген теріс болмайтын көрінеді... Мен өзім бір
жолдас іздеп жүр едім... — деді.
— Жоғыңыздың оралғысы болсын!— деп мен жымидым. Тағы да
оны-мұны айтып отырып:
— Сізді менің көңілім ұнатып жүр,— деді.
— Менің күйеуім секілді о да бір топас екен ғой.
—   Топас   деймін   өзі!..   Әлгі   бізді   оқытатын   мұғалім   мені   оған
мақтаса   керек.   Мен   ашып   жауап   бере   алмадым:   —   ағатайым,
жеңгем бар еді. Солардан хабар алған соң, жауап берейін,— дедім.
Оны дұрыс көрді. Тағы да жолығып жүрмек боп, шығарып салды.
Ақбала секілді қолтықтап ұстауды білмейді: ебі жоқ еді өзінің...
Ертеңіне   Ақбаладан   хат   алдым.   Недәуір   сөз   жазыпты.   Маған
көптен бері ынтық боп жүргенін айтыпты. «...Енді бұл хатты




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет