Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет124/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

көңілім сізге әбден кеткен соң жазып отырмын. Сізді өзіме тең
көремін.   Сүйемін.   Сізсіз   өмір   маған   қызық   емес.   Жауабын
беріңіз...» депті.
— Міне, қызық.
— Қызық енді болды. Мына хатты алған соң, әрі қуандым: ол мені
ала қояды деген ойым бар ма? Аржағым сене алмай жүретін. Әрі
өзім   састым.   Көңілім   —   Ақбалада.   Балташты   оның   қасында
қораш көрем. Ақбалаға жауап қайырдым: сөзіңізді дұрыс көрдім.
Бірақ ақылдасатын кісім бар еді. Аз күннен соң ақтық жауабымды
айтармын. Шыдаңыз. Ренжімеңіз,— дедім. Енді Балташ байғұсты
әуре қылмай, көңілін суытайын деп ойладым.
Керуен сарай деген бауда Балташ тағы бір күні сөйлесті. Сол күні
Балташқа   менің   уәде   беріп   қойған   кісім   бар   еді:   өкпелемеңіз,—
дедім. Десем де аяп отырмын. Балташ сазарып кетті.
—   О   кім?—   деп   сұрады.   Айтпадым.   Қоймады.   Қоймаған   соң,
айттым.
— Өзім де со ғой деп ойлап едім,— деді. — Бірақ ол жігіт әйел
таңдағыш   еді,   оқыған   қызды   ұнатпаушы   еді:   баянды   болса
неғысын... — деді. Менің көңілімді шығарғалы, оны күңдегендіктен
айтып отыр ғой деп ойладым. Балташ өкпелеп кетті. Көпке дейін
жолыққан жоқ.
— Енді қайтсін.
— Екі жігіт таласқанның сондайы жаман. Әуелде қызық көрсең
де,   артынан   адамға   ауыр   тиеді.   «Сен   одан   жамансың,   сені
сүймеймін» десе, өзіміз жақсы көрер ме едік? Әркімнің көңілі со да.
Оның   артынан   Ақбалаға   екі-үш   жолығып   сөйлестім.   Менің:
ақылдасатын кісім бар еді... шыдаңыз,— дегеніме азырақ ренжіген
екен:
—   Оқыған   әйел   өз  жүрегіне   өзі   би   емес   пе?..—  деп   кішкене   наз
қылайын деді. Әйтсе де:
—   Сізден   басқаға   көңілімді   бұрмаспын.   Сізді   ағатайым   мен
жеңешем де ұнатады,— деген соң, тағы сенді, өкпесін тастады.
Мені: жаным, жарым, күнім!.. деп, кәдімгідей сүйісетін болдық.


Ол — күйеу, мен — қалыңдық: несіне ұялайық? Ақбаладай жары
бар   кісінің   арманы   бар   ма?   Қуанышым   ішіме   сыймай   жүр.   Бір
жерде   отыра   алмаймын.   Кім   көрінгенмен   сөйлесіп,   күлмейтін
сөзге де күле берем. Ол күндер естен қалмайтын, қызықты күн еді.
— Сонсын?
—   Сонсын,   сүйтіп   жүргенде,   айға   жақындап   қалды.   Біздің   елге
қайтатын   уағымыз   да   таянды.   Үйден   хат   алдым.   Ақбаланы
ағатайым   да   біледі   ғой:   алатыны   рас   болса   ти   депті.   Қуанып
кеттім!   Жалма-жан   Ақбаланың   кеңсесіне   бардым.   Әнеугіден
барып   жүретін   болғам   ғой.   Ағатайымның   хатын   көрсеттім.
Жазып отырған қағазын қоя салып, есікті жауып келіп, құшақтап,
сүйіп алды. Екеуміз де бақытты болдық. Кешке суретке барып, ең
арттағы оңаша ложада отырып, електір сөнгенде, құшақтасып
сүйісіп отырдық. Суретті көргеміз жоқ. Бір жұмадан кейін оны-
мұнысын   қамдап,   той   қылып,   мені   пәтеріне   біржола   апармақ
болды.
Ертеңіне   Балташтан   тағы   хат   алдым.   Хаттағы   сөзі:   сізге
жолығатын үлкен жұмысым бар. Ол сіздің келешек өміріңізге де
керекті жұмыс. Қайтсе де бір жолығуыңызды сұраймын,— депті.
Менің   өміріме   керек   неткен   жұмыс   екен?!—   деп   таң-тамаша
қалдым.   Бармайын   десем   де,   тағы   көрсеқызарлығы   түскір
шыдатпады. Ыза болыңқырап бардым...
Барғаннан кейін, амандасып отырып:
— Ақбала сізге жолдас бола алмайды, — деді.
— Неге?— дедім жұлып алғандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет