Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет66/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

думанды топты тәуір көруші еді. Өзі сөйлеп, өзгелер аузына қарап
отырса, сонда оның жаны кіріп жымың-жымың етер еді.
Ол сиездердің қаулысын, жаңа шыққан кітаптарды көп оқушы еді.
Әсіресе,   Ленин,   Троцкий,   Бухарин,   Сталин   секілді   атақты
көсемдердің сиездердегі айтысқан сөздерін қызығып оқып, кейбір
әдемі   жерлерін,   әдемі   сөздерін   жаттап   алушы   еді.   Жаттап
алмағанда   да,   солардың   сөз   сөйлеу   оңтайын   құлшынып
оқығандықтан   жадында   қалушы   еді.   Білгіш   адамдардың   пікірін
кейде   өз  пікірі   қылып   сөйлеп  жіберетін   де  жерлері  болушы  еді.


Естіген   сөзін,   хабарын   ішіне   сыйғызып   тұра   алмай,   айтып
салғанды тәуір көріп тұрушы еді. Әсіресе, еткен жиналыстарда
оның не айтқанын, өзінің не дегенін қайта айтып беруге шебер еді.
Бірақ   сонысына   қарағанда,   жеңілтек,   ұшқалақ   емес,   жүріс-
тұрысы,   бойы   сабырлы,   айтыс-тартысқа   шыдамды,   табанды
жігіт еді. Өзінің біліміне, енеріне, шешендігіне езі сенуші еді. Өзі
жеңіліп, жығылып қалған жерлерде де, көңілі көп жабырқамаушы
еді;   өзінше   басқа   план,   басқа   шара   қарастырып,   бір   жұбаныш
тауып алушы еді; келешектен үміті зор еді.
Ол қазаққа шын пейілімен қызмет етпекші еді, бірақ көп нәрсені
қиял   қылушы   еді.   Кейде   сондай   бір   қиялмен   алданып   жүріп,
тұрмысқа жанаспайтын істерді де істемек болушы еді. Өз ойын,
өз   мақсұтын   жарыққа   шығару   үшін,   өмір   иесі   өзі   болғанды
қалаушы   еді.   Үйезге   келгендегі   бір   мақсаты   да   жастарды   өз
соңынан ертіп, өзін танытып кету еді.
Үйездегі   қызметкерлердей   ел   жұмысына   араласып,   артық
былықпаған,   параға,   ажарға   сатылудан   аман,   нағыз   әлеумет
қызметкері, нағыз майталман болуға өзін арнаған азамат еді.
Сондықтан   Ақбала   манадан   бері   айтылып   жатқан   сөздерге
өзінше   үлкен   мән   берді.   Ол   мәні   —   осы   Сартау   елінің   жұмысы
жайлансын   деген   мән   емес,   үйездегі   азаматтар   арасындағы
алалық жойылсын деген де мән емес, бірінікін мақұлдап, бірінікін
теріске шығарып, бірін-біріне жығып берем деген де мән емес, сол
айтыстан   шығарып,   бір   іргелі   мәселені   қозғап,   енді   өзіме
қорытынды туғызуға болды деген мән еді. Ақбаланың бір жақсы
жері: сөзді қазақша да, орысша да таза сөйлеуші еді. Ол қазақша
сөйледі: Бекболатқа ұғымды болды.
— Иә, жолдастар! Мен енді өз пікірімді айтайын,— деп мұрнын
орамалымен сүртіп, төмен қарап отырып сөз бастады. — Мәселе
болыс, үйез маштабындағы мәселе болса да, жалпы қазақстандық
мәселені қозғауға себеп болып отыр,— деп, кеудесін көтеріп, сұқ
қолымен   бас   бармағын   уқалап,   басын   әнтек   шалқайтып,   қарсы


алдында отырған Тыпанның қарнына қадала қарады: мәселе сол
қарында тұрғаннан жаман.
—  Біз   төңкеріске   дайындалған   ел  емеспіз.   Төңкеріс   бізге   көктен
түсті. Біз орыс пралетариаты, орыс балшебектері қан төгіп алып
берген   даяр   олжаға   ортақ   болып   отырмыз,—   деп   бір   нығыздап
қойды. Бұл сөз төңкеріс болғалы талай айтылып, талай жазылып,
иі қанған, ескі сөз болса да, Ақбала шыт жаңа сөздей қып айтты.
Иә,   өкімет   —   жалшынікі,   кедейдікі.   Жалшылар   тобы   байлар
табын   жеңіп,   қашаннан   иемденіп   жүрген   жер-суын,   фабрика-
заводын,   мал-мүлкін   астынан   аударып   алып   отыр...   Иә,   иә...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет