Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет65/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

дүниені де теріс көрмейтін жігіт қой, қалтасына жұмсақ қағаз да
басылған. О да аз ғой. Доғаның ойында бір сұлу қыз алу да бар еді.
Сол   қыздың   реті   Әбен   жақтан   келе   ме   деп   дәмеленуші   еді.
Неліктен оның сұлу қызға құмар боп жүргенін кейін естірсіз. Әзір
түсін ашпай тұра тұрайық.
Тыпаң ше? Ой, Тыпаңның өткен замандағы істерін санап бітіре
алмаспыз. Тыпаң о баста Әбеннің тілмашы еді ғой. Одан кейін,
мировойда тілмаш болып, «бағы» көтерілген ғой. Тыпаңның руы да
сол   ел;   алып   отырған   қатыны   да   сол   елдің   қызы.   Әбен   тірі
тұрғанда, Тыпаңа не дәркер дейсіз? Қаза беріп не қылайық, осы да
жетер.
Ал,   Жорғабекке   жол   болсын!   Бұ   кісі   оқуды   кешірек   бітіріп,
әлеумет   жұмысына   жаңадан   араласқан.   Бұл   өзі   бір   атақты
болыстың   баласы.   Гимназияда   оқып   жүргенде-ақ   зерек,   пысық,
шешен   бала   болған.   Содан   әлі   пысық.   Бірақ   Колшак   заманында
көрнекті   орында   қызмет   етіп,   көзге   түсіп   қалып,   қызыл   келген
кезде елде қашып жүруші еді. Қызметке қазақ оқығандары керек
болып,   өткен   істерге   кешірім   жарияланғаннан   бері,   Жорғабек
жақында   келіп,   жер   бөліміне   кіріп   еді.   Оның   бар   мақсаты:
жастарды   еппен   ұстап,   беделін,   ықпалын   жүргізіп,   айтқанын
істету еді. Қаза берсек түпкі ойы — бір үлкен орын еді. Ол ойы
жүрегінің   түкпірінде   сары   майдай   сақталып   жатушы   еді.
Сыртқы   түрінде   ептілік,   шешендік,   әлеуметшілдік,   ісшілдік,
бүтіншілдіктен басқа оғаш мінез білінбеуші еді. Әркімнің бетіне
қарай   құбылып,   өз   пікірін   әсте   сездірмеуші   еді;   ол   көрімен   де,
жаспен де, коменеспен де, емеспен де жанасып кетер еді; онда дос
та, қас та болмаушы еді; сыртынан жамандап жүрген адамымен
жолыққанда жақсы сөйлесіп кетер еді. Өзінше қумын, жұрттың
бәрін алдап жүрмін деп ойлар еді. Төлеген екеуінің мінездерінде бір


ұқсастық   бар   секілді   еді,   бірақ   Төлегеннен   гөрі,   бұл   өтімді,
тартымды,  білімді,  беделді, алғыр  еді. Бір  көрген, бір сөйлескен
кісіні тез ұйытып, ерітіп әкетер еді. Топта сөйлесе, «Жорғабек
жігіт!» дегізер еді.
Жорғабек сөзін бітірген кезде манадан бері зорға шыдап отырған
Ықаң Төлегеннен рұқсат сұрап, үйіне қайтты. Өйткені Ықаңа бұл
айтыстар түсініксіз, жат нәрсе еді. Ықаң қашаннан орыс ішінде
жүріп, елден қол үзіп, алыстап кеткен кісі еді; елдің дау-шары о
кісінің миына бармаушы еді; ел сөзінен гөрі о кісіге бір рүмке арақ
кәдірлі еді. Және манағы арақтан азырақ жүрегі қобалжиын деді
ме, әлде үйдегі кемпірі тықыртар деп қорықты ма, әйтеуір Ықаңа
тысқа шығу керек болып еді.
Манадан   бері   Төлеген   түк   сөйлеген   жоқ.   Несіне   бой   көрсетсін?
Доға мен Тыпаңнан қалатын сөз бар ма? Оның сенгені де солар ғой.
Өзге   жолдастардың   сөзін   тыңдап   отырған   Ақбала   енді   өзі
сөйлеуге оңтайланды. Ақбала төңкеріс болғалы, топ алдында сөз
сөйлеп, көсемдік қылып, ауызға ілініп жүрген жастардың бірі еді.
Ол   газет-жорналға   да   сөз   жазатын,   баяндаманы   да   жақсы
істейтін,   жұртқа   «ой,   пәлі-ай!»   дегізгенді   сүйетін   жігіт   еді.
Кейінгі   жастардың   арасында   беделі   де   бар   еді.   Коменес
партиясына алдыңғы қатарда кіріп, қазақ жастарының партияға
кіруіне   себепкер   болып,   шынымен   коменес   болам   деп   жүрген,
пікірлі, білімді жігіт еді.
Ол бір жерде отырып қызмет қылудан да жүргенді, сөйлегенді,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет