Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет63/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

ұры жазылғаны кеше сексияда мәлім боп отыр, мәлім боп отыр...
Знашіт Мұқаш сияқты жігіттерді таза коменес деуге болмайды,
болмайды...   Оның   қылмағаны   жоқ:   елді   ақтарға   шапқызған,
талатқан,   қыз,   қатындарын   бастырған,   бастырған,   шығарып


берген...—   дегенде   Төлегенге   бір   қарап   қойды.   Төлеген   қызарып
төмен парады. Бекболат та жерге қарап кетті.
—   Иә,   знашіт,   оның   материалы,   міне,   қолда   отыр.   Значить   ол
материалды   тексермей,   оны   қызметке   сайлауға   болмайды,
болмайды... — деп, Доға көбінесе қолымен, басымен сөйлеп барып,
сөзін бітірді.
Ол бітірген кезде: «Маған... маған...» деп, Балташ та, Тыпаң да
көтеріліп қозғалып қалды. Ақбала:
— Ана кісі айтсын,— деп, Тыпаңды нұсқады.
Доғаның   Мұқашты   жамандағаны   Бекболатқа   ұнаса   да,
Матайдың Әбенін жақтай сөйлегені ұнамады: «Мына кісі не дер
екен» деп Тыпаңның аузына қарай қалды:
—   Ay,   жігіттер,   жолдастар!  Бұл   жұмысқа   кішкене   қызуламай,
қазақшылап   қарайықшы...   Жастар,   жолдастар,   сендер   коменес
болсаңдар да, қазақсыңдар ғой. Қазаққа бәріміз қызмет етеміз деп
жүрміз...Қашаннан   бері   етіп   те   келеміз...   Сендерден   гөрі   бір
көйлекті   бұрын   тоздырдық   қой:   қазақтың   жайын   жақсырақ
білеміз десек, мақтанған болар ма екеміз,— деп «осы сөзім қалай
шығып кетті?» дегендей, Тыпаң бәрінің бетіне жағалай бір қарап
қалды.
«Қазаққа қандай қызмет қылғаныңды білеміз» дегендей, Балташ
тыржиып теріс қарады. Жорғабек «Мынау бүлдірді-ау!» дегендей,
біресе Ақбалаға, біресе Тыпаңа қарап, қабатын түйді. Доға «Айта
бер!»  дегендей  бас изеді. Ықаң шылымын орал өзімен-өзі болып,
жем   шоқитын   құс   тұмсықтанып,   үстелге   төніп   қап   отырды.
Төлеген бұл әңгімеге қатысы жоқ кісіше, төмен қарап, оттықты
шыр көбелек айналдыра берді. Балташтың жаратпай отырғанын
Тыпаң да байқады:
— Әншейін тек үлкендік... ағалық жөннен неткеніміз болмаса, біз
қатысатын да сөз емес еді, — деп манағыдай емес, жасып қалды.
Тыпаңның мұнысын естіген соң Ақбала:
—   Жоқ,   жоқ,   айта   беріңіз:   сіздердің   пікірлеріңіз   де   керек.   Ел
жайына сіздер қанық екендеріңіз рас,— деп, қуат берді. Оныкі де


қулық   еді.   Қулық   екенін   Тыпаң   түсінсе   де,   қызып   алған   кісі   ер
келеді   ғой.   «Қашанғы   қорғалай   береміз»   дегендей,   сөзін   тағы
бастады; манағы «қазақпыз ғой» деген сөзден қашайын деді.
— Сөздің шынына келейікші,— деп тамағын бір кенеп алды: — Бұл
өзі шатақ жұмыс. Сартау елі қып-қызыл партия... Партиялықпен
екі жағы да арызды жаудырып жатыр. Пәле салу, өтірік шағым
дегеніңіз   құдай   сақтасын,   ...айтпақшы   «Құдай»   деген   сөзді   не
қылмаңдаршы, сөздің аялғысы ғой...— деп тағы бір сасқалақтап
қалды.
—   Өзге   толып   жатқан   қағазды   қояйын,   мысал   үшін,   жақында
ғана   болған   мына   бір   оқиғаны   айтайын...—   деп,   әнеугі   пошта
талату   туралы   Жылтырдың   айтқан   хабарын   сөйледі.   Соны
сөйлеп   болып:   —   Міне,   осының   қайсысына   сенуге   болады?
Қазақтың өтірігіне, жаласына адамның көзі жетпейді...— деп бір
қойды.   Жалпы   қазақтың   кемшілік   мінездерін   бұлдыратып
суреттеп келіп, аяқ кезінде сөзінің бетін Әбен жаққа бұрды. Әбен
газет-жорнал оқитын, көзі ашық адам екенін, мектеп ашып, бала


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет