Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет59/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

қоңырлау, жүріс-тұрысы да солапаттау Балташ деген жігіт еді;
одан соңғы дердек ерін, жалпақ мұрын, бір көзін аса, бір көзін баса
қарайтын, Доға деген қара бұжыр жігіт еді. Төртінші — Доғаның
жанында   ершіктей,   Балташтың   жанында   шаппа   шоттай
жылмырайған   Жорғабек   деген   кісі   еді.   Анау   гүбірнеден   келген
Ақбала,   мынау   уездің   бастығы   Балташ,   Доға   —   «Әкболбас»
10
,
Жорғабек — жер бөлімінде қызмет етеді. Кемесерлер саусылдап
кіріп келгенде Төлеген:


—   Ә,   келіңіздер,   келіңіздер!   —   деп,   алдарынан   жүгірді.   Біздің
Бекболат та ұшып түрегеліп, босағада қаздиып тұра қалды.
— Ә, — деп Тыпаң да қутыңдап түрегелді.
Ықаң   тұрудың   да,   отырудың   да   есебін   таба   алмай:   «Е»   деп
күшеніңкіреп, орындықтан бөксесін тиер-тимес көтеріп бүкшиді.
Тыпаң бір-екеуінің қолын ұстап, қалған екеуіне:
— Бүгін біз көрістік қой? — деп өтірік жымиған боп жатыр.
Ақбалаға қарап Ықаң басын қылқың еткізді. Бер шегінде тұрып
Бекболат та қалақтай алақанын қырынан жапсырып жатыр.
Кемесерлер қалай болса солай партпелдерін лақтырып тастады.
Балташ   кереуетке   барып   серең   ете   түсті.   Жорғабек   Тыпанды
сағалап орын алды. Ақбала отырмай, үстелдегі кітаптарды алып,
аша бастады. Доға әйнек алдына жеке отырып, бір көзін қысып
қойып шылым тартты.
Өңшең жақсы киінген төрелер кие-жара келіп, үйді билеп кеткен
соң,   Бекболат   қымтырылып,   әрқайсысының   бетіне   бір   қарап,
босаға   жақта   тұрды   да,   орындықтың   шетіне   таман   ептеп
отыра қалды.
Төлеген   бір   кіріп,   бір   шығып,   ауыз   үйге   барып,   пышақ-
шанышқыларын сылдыратып, тамақ дайындатып жүр.
Ақбала бір кітапты қолына ұстап тұрып:
— Ей, мынада Каутский де бар ғой, — деді. Төлеген ауыз үй жақта
жүріп:
— Бізде Энгельс те бар, Маркс болудан да дәмеміз бар, — деді.
—   Уай   қойшы!   Маркс   болып   жарытпассың,—   деп,   төсекте
жатып, Балташ кекете сөйледі.
Жорғабек   пен   Тыпаң   ымы-жымы   бір   кісіше   бастары   тиісіп,
күбірлесіп, күлісіп бірдеңе айтысып отырды. Teк арақтың жайын
сөйлесіп отырды білем, Жорғабек:
— Ішуге неге болмасын?— деп қалды.
«Бұл мәжілісте адасқан қаздай ана шетте жалғыз қалған Ықаң,
бұ   жақта   Бекболат   еді.   О   кісі   төмен   қарап   тағы   да   шылым


жасауға кірісіп еді. Шылымын тұтатып алған соң, Ықаң теріс
қарап аяңдап жүрген Ақбаланы нұсқап, Тыпаңды ақырын түртіп:
— Бұ қай бала? — деп сұрады.
—   Губревком   члені,   Ақбала   деген   жолдас,—   деп   Тыпаң   аузын
толтыра жауап берді.
О   кезде   губревком   члені   естімеген   кісіше,   өлең   айтқан   боп
ыңылдады.   Аяндап   жүріп   әдемі   кереуетке,   масаты   кілемге,
барқыт   орындықтарға   көзі   түсті,   қабырғадағы   хлупі   Ленин,
Троцкий   жолдастардың,   олармен   қатар   Төлегеннің   суретін   де
байқады;   шкафты,   үстелді,   ана   жақтағы   киімдерді   де   шолып
өтті.   «Тұрмысың   жарайды,   жігітім!   Қонақ   шақыратын   жөнің
бар екен» деген мәнде аяңдап жүріп:
— Ым-ым... да, — деді.
Уездік жерде кімдер қызмет қылады? Кімі қалай тұрады? Кімге
сенуге, кіммен істесуге болады? Олар немен шұғылданады? Қандай
кітап   оқиды?   Орыстармен   арасы   қандай?   Кедейшілі,   байшылы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет