Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет61/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

дәулет қой! Әттең, дүние өзіне дербес тиер ме еді!.. Жұрт олай-
бұлай   десіп,   арақтың   градысын   санап,   қипақтап   отырғанына
Ықаң шыдай алмады: алдында тұрған стақанды ұсынып:
— Бұ жарықтықты әуре қылмай, құйшы қарағым,— деді. Жұрт ду
күлді. Манадан бері сыпайысып отырған Ақбала да:
— Ақсақал айтты ғой. Құй енді! — деді. Төлеген жымыңдап:
— Жөні со ғой!— деп даяр тұрған суды қосып, стақандарға құя
бастады.
Балташ жан-жағына алаңдап, Бекболатқа:
—   Әне   бір   әйнектің   шымылдығын   түсіріп   жіберші!—   деді.
Қонақтар стақандарын көтеріп:
—   Кәне,   мұны   кімнің   құрметіне   ішеміз?   —   дегенде,   мұндайда
көсемсіп отыратын Тыпаң қыбыржып Ақбалаға қарап:
—   Жаңа   келген   қонақтың   құрметіне   ішу   керек   шығар,—   деді.
Ақбала жұлып алғандай.


—   Ол   жарамайды.   Басқа   бірдеңе   үшін...   Әлеумет   маңызы   бар
жұмыс   үшін   демесеңіздер,—   деп   өзінің   әлеуметшіл   екенін,   өзін
көтермелегенді қаламайтынын білдірді.
Со кезде Балташ ұшып түрегеліп, стақанды көтеріп:
—   Жасасын   Сәбет   өкіметі!—   деп,   әркімнің   стақанына   бір
шағылыстырды.
—   Жасасын!   —   деп,   бәріде   шу   ете   түсті.   Жалғыз   Ықаң,
Тыпаңдардың   көз   құйрықтары   ұшырасып   қалғаны   болмаса,
«жасасын» деген дауыстың кемдігі болған жоқ. Қайта Тыпаңның
«жасасыны» басым шықты.
Екінші   көтерілісте   —   балшабекті,   үшіншісінде   қазақ
аптономиясын,   одан   кейін   жаңа   қонақты,   ең   аяғы   үй   иесін   де
жасатқызып,   арақ   бірте-бірте   ішіле   берді.   Тек   Бекболат   бұл
көтеріліске қосыла алмай, көзі бажырайып, шанышқымен әлек боп
отырды.
Бір бөтелке спирт екі жарым бөтелке арақ болды. Арақ ішілген
сайын, күлкі көбейіп, мәжіліс қызуға айналды.
Ақбала   губірне   жұмысын   үш   есе   арттыра   мақтап,   өздері
тындырып жатқан болды. Манадан бері салқындау отырған, Доға
мен Балташтар да Тыпаң мен Жорғабектердің қалжыңына құлақ
қойып,   кейде   олармен   бірге   күлісіп   те   жіберді.   Ықаң   көбінесе
араққа   дендеді.   Ет   жағына   келгенде   Доға   мен   Тыпаң   «битін»
салды.   Манағыдай   емес,   қонақтар   қызарып-қызып   сөйлегенде
бірінің   иығына   бірі   асылып,   көздері   кішірейіп,   бірін-бірі   тізеге
салып   қап,   стаканды   кейбірі   түсіріп   алып,   шылымдар   да   қалай
болса   солай,   үстелде   жатып   қалатын   күйге   ұшырады.
Орысшаласу, түтін  салысу,  күлісу...  мидай араласты. Тамақтан
кейін   қонақтар   төргі   үйге   кетті.   Бұлардың   сөзі   де,   өзі   де
Бекболатқа   түсініксіз   көріне   бастады;   бұларды   басқа   дүниенің
адамдарыңдай,   өзімен   олардың   арасын   жер   мен   көктей   көріп,
оқымағанның кемдігін Бекболат сонда бір қатты сезді.
Бұлар да өзімдей жігіттер-ау! Оқысақ біз де осылардай боламыз-
ау!..   деп   азырақ   күндегендей   боп   отырды.   Әйтсе   де   өзін


елемегеніне қорланып, намысы келді. Оларды да кемітпек болды.
Түтінін   бұрқыратып,   шылым   тартқаны,   арақ   ішкені,   қағаз
шимайлағаны,   орысшаласқаны   болмаса   бұлардың   өмірінде   не
қызық   бар?   Тар   үй,   тар   қала,   тар   көшеде,   анау   ұлан   байтақ
даланы,   асқар   ала   тауды,   жасыл   орманды,   ит   жүгіртіп,   құс
салғанды   көрмей   не   ғып   шыдап   жүреді   екен?!   Не   ғып   бойы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет