Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет60/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

адалы,   арамы   қайсы?..   Міне,   мұндай   нәрселерді   білуге   Ақбала
құмар еді. Әлгі олай-бұлай аяндап, әр нәрсеге көз салғанда, «Ымда»
дегені   —   «Сенің   жайынды   да   білдік»   дегендей   бір   қорытынды
пайда болып еді. Ақбала тұтқиылда Балташтың қасына тоқтай
қалып:
— Мұндағы байлар тегі жақсы тоналған ғой?— деді.
Үйдің төбесіне қарап, шашын үрпите уқалап, «Сен көменес болсаң,
мен де көменеспін» деген түрде шалжиып жатқан Балташ оқыс
сұрауды естіген соң, еңсесін азырақ көтеріп, мойнын қыңырайтып,
бір көзін сығырайтып:
— Е, сыболыштарды өкіртті ғой!— деді. Онысы «Бай итті қанша
тонаса   да,   менің   қыртыма   келмейді»   дегені   еді.   Өйткені
Ақбаланың   не   оймен   сұрағанын   білмей,   өзінше,   байшыл,
кедейшілдігімді сынағалы сұрады ғой деп жорып қап еді.
Сұрауына Балташтың теріс мән бергенін Ақбала сезе қойды да,
оған сенімін сездіргелі:


— Сол мүліктер орыстардың қолында кетті ме, қазақтардан да
пайдаланушы болды ма?— деп сұрады.
Бұл   сұрауға   бәрі   де   құлағын   тігіп   аңтарыла   қалды.   Балташ
барқыт орындықтарға қарап:
— Е, мекемеге келген мүліктен біздің кейбір жігіттердің де алып,
ұстап жүргені бар,— деді.
О   кезде   ана   жақта   жүріп,   құлағы   шала-шарпы   шалып   қалған
Төлеген де жетіп келіп, Балташқа қарап:
— О не?— деді.
Балташ   —   саған   келген   пәле   жоқ,   —   деген   кісіше   бетін
тыржитып:
— Жай, әншейін,— дей салды.
Төлеген әнтек қипалақтап тұрып:
— Кәне, жолдастар! Тамаққа жүріңіздер!— деді.
Қонақтар керенау қозғалып, ауыз үйге қарай аяңдасты. Олардың
арт   жағынан   келіп,   Бекболат   та   бір   шеттен   отырды.   Жас
төрелер Бекболатты жан екен деп елеп, кім деп сұраған да жоқ.
Бекболат   оған   әнтек   қорланып,   ішінен   оларды   ұнатыңқырамай
отырды.
Тамақ мол болды.
Алдымен ортаға туралған ет қойылды. Оның артынан кеспе келді.
Одан кейін домалақтап қуырған шапқан ет тартылды. Соңынан
қарбыз сойылды.
Етті   үстелге   әкеп   қойысымен,   Төлеген   төргі   үй   жақтан   ішіне
тығып бірдеңе алып кеп еді, Тыпаң жымың ете түсіп, білмегенсіп:
— Сенің қолыңдағы не? — деп, өңірінен тартты.
— Іждеңе емес... кішкене әлгі не еді...— деп қолын үстелдің астына
таман ұстап, қипақтады
— Немене, тазасы ма еді?— деп Тыпаң тағы қозғалды.
— Кішкене «Бозжорға» еді,— деп Төлеген сыпаны қонағына қарап
жымиды.
— Үй, оның реті болмас,— деп Балташ түсін суытқансып, көзінің
қырымен Ақбалаға қарады.


—   Біздің   құбыжығымыз   жоқ,   сендер   болмасаң,—   деп   Тыпаң
қарнын бүлкілдетті.
—   Өзі   де   пелен   көп   емес,   тек   «апитет»   үшін,—   деп   Төлеген
мөлдіреген бөтелкені суырып алып үстелге қоюға ыңғайланды. Бәрі
де бөтелкеге қарай қалды.
— Құрғыр, сен мұны қайдан тауып жүрсің?— деп Жорғабек те бір
тамсанды. Төлеген:
— Елді-күнді бірдеңе болғанда,— дегенде:
— Бұл табатын жерін біледі,— деп Доға да бір көзін сығырайтып
тамсанды.
— Бүгін кешке заседание (мәжіліс) жоқ па екен?— деп Балташ
Тыпаңа қарады.
— Бүгін жоқ қой. Өзі де бір шатынап тұрған нағызы білем,— деп
бөтелкеге қылмыңдады.
Бұлар сөйлесіп жатқанда, Ықаңның екі көзі бөтелкені ішіп-жеп
бара   жатыр   еді.   Ықаң   арақ   татпағалы   қашан.   Мынау   —   бір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет