Таңдау курс Тақырыбы: Антропология Құрастырған



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі376,15 Kb.
#34749
1   2   3

Сабақтың тақырыбы: Приматтар және адам эволюциясының негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды адам эволюциясының негізгі кезеңдерімен таныстыру.

2. Оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілетін арттыру арқылы тарихи ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.

3. Жан-жақты ізденіске тәрбиелеу.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих.география

Сабақтың түрі: Семинар.

Сабақтың көрнекілігі: маймылдар миының және қолының моделдері, сызба-нұсқа, суреттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,баяндау, топтастыру.

Приматтар (маймылдар) эволюциясы антропологиялық деректер бойынша, осыдан 30—35 млн жыл бұрын өте ертедегі жәндікқоректі сүтқоректілерден жануарлардың бір тобы бөлініп, приматтарға бастама берген. Приматтар жоғары сатыдағы сүтқоректілер болғандықтан, құрылыс ерекшеліктері едөуір күрделі, миы жақсы жетілген, көздері қатар орналасып, алға қарай бағытталған, аяқ башпайларында тырнақтары бар және емшектері екеу болған. Приматтардың бір тармағынан адам тәрізді маймылдардың ата тегі — парапитектер шыққан.


Дриопитек (З.Буриан бойынша)

Олар ұсақ жәндіктермен қоректенген. Олардың сүйектері мен тістерінің құрылысы адам тәрізді маймылдарға ұқсаған. Кейінірек парапитектерден қазіргі гиббондар мен орангутан және ертеректе жойылып кеткен дриопитектер тараған. Дриопитектер осыдан 25 млн жыл бұрын Азия мен Еуропаның оңтүстік аймақтарында, Африкада тіршілік еткен деген деректер бар. Олар алдыңғы аяқтарының көмегімен ағаштарға өрмелеп шығып, бұтақ- тан-бұтаққа секіріп, қоректерін тауып жеп күн көрген. Ауа райының салқындап, ормандардың оңтүстікке қарай ығысуына байланысты ашық далалы жерлер пайда болған. Маймылдардың кейбір топтары ағаштан түсіп, жерде тіршілік етуге көшкен. Түрлі мекен ету орталарына бейімделу барысында дриопитектерден 3 тармақ бөлініп шықты. Олардың біреуінен қазіргі горилла, екіншісінен шимпанзе, ал үшіншісінен адамның арғы ата тегі — австралопитектер пайда болған.


Австралопитек (З.Буриан бойынша)

Австралопитектер екі аяғымен тік жүрген, бойының биіктігі 100-120 см, дене салмағы 20-50 кг шамасында болған. Олар біздің ежелгі арғы ата тегіміз болып есептеледі. Австралопитектер ашық далалы жерлерде тіршілік етіп, өсімдіктектес және жануартектес азықтармен коректенген. Тістерінің құрылысы адамның тістеріне ұқсас болған. Еңбек құралы ретінде малтатастарды (галечник) және ірі тұяқты жануарлардың ұзын сүйектерін өңдеп пайдаланған. Миының массасы 550 г-ға жуық болған. Ғылыми мәліметтерге қарағанда кейінірек, шамамен, осыдан 2-3 млн жыл бұрын австралопитектерге қарағанда адамға жақындау тұрған ата-тек өкілдері өмір сүрген. Олардың миы біршама жақсы жетілген, массасы — 650 г. Малтатастардан алуан түрлі



құралдар жасай білген, аяқ-қол саусақтарынын орналасуы өзгеріп, адамдарға көбірек ұқсаған. Мұны ғылымда епті адам (Homo habUis) деп атайды.

Питекантроп

(З.Буриан бойынша)

Адам эволюциясының кезеңдері. Адамның даму тарихы 3 кезеңге бөлінеді: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар жөне қазіргі адам­дар. Антропологиялық деректер бойынша, ежелгі адамдар осыдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Олардың қатарына қаңқа қалдықтары Ява аралынан табылған питекантропты, Қытай жерінен табылған синантропты және қалдықтары Германиядан табылған гейделъберг адамын жатқызады. Бұлардың жалпы сыртқы бейнесі адамға ұқсағанымен, маймылдарға тән белгілері басымырақ байқалады. Мысалы, қас үсті доғасы қалың әрі алға қарай шығыңқы, маңдайы тайқы, жақ сүйектері ірі, ал иегі шығыңқы емес. Миының массасы 800—1000 г шамасында, бойларының биіктігі 160-170 см. Олар үңгірлерде тұрып, отты пайдаланған. Топтасып аң аулап, тастан және сүйектен үшкірлеп, қашап құралдар жасаған. Ұстап өлтірген жануарлардың етін жеп, терісін сыпырып, киім ретінде пайдаланған.



Ежелгі адамдардың пайдаланған еңбек құралдары Қазақстан жерінен де табылған. Осы аталған ежелгі адамдарды бір топқа біріктіріп, тік жүретін адамдар (Homo erectus) деп атайды.

Неандертальдық адам (З.Буриан бойынша)

Ертедегі адамдардың бірнеше тобын ажыратады. Олардың ішіндегі жақсы зерттелгені неандертальдық адамдар. Бұлар осыдан 200 мын жыл бұрын Еуропа, Африка және Азияның оңтүстік аймақтарында өмір сүрген. Неандертальдық адамдардың бойларының биіктігі 160-165 см, аяқ-қол бұлшық еттері жақсы жетілген, миының көлемі ұлғайып, 1400 см3 шамасында болды. Олар бір-бірімен сөз арқылы қарым-қатынас жасап, қазіргі адамдарға көбірек ұқсаған. Еңбек құралдары күрделеніп өзгерген. Топтасып өмір сүрген. Еркектері бірігіп аң аулап, әйелдері мен балалары өсімдіктердің жемісін, тамырын жинап, тамақ пісірген, аң терілерінен киім тігіп киген. Ендеше, адамның даму тарихындағы

осы кезеңде биологиялык факторлармен қатар әлеуметтік факторлардың әсері де айқын байқала бастаған.

Ертедегі адамдар мен қазіргі адамдардың, яғни біздердің арамыздағы байланыстырушы буын - кроманъон адамы . Кроманьон адамын осы заманғы алғашқы адамдар деп атайды. Олардың қаңқа қалдықтары Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған. Кроманьон адамдары осыдан 40 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олардың сүйектері кейін Еуропа, Азия, Африка, Аустралия және Қазақстанның да көптеген жерлерінен табылған. Бұлардың денесі ірі, бойлары биік 170-180 см, миының көлемі қазіргі адамдардың миымен шамалас — 1600 см3. Маңдай сүйегі тайқы емес, алға шығыңқы, қас үстіндегі қалың доға жойылған, көздері үлкен. Иегі алға қарай шығыңқы, бұл айқын сөз сөйлеудің жақсы жетілгенін көрсетеді. Еңбек құралдары алуан түрлі, өте жетілдірілген, үңгірлерде немесе өздері жасаған баспаналарда тұрған. Үңгір қабырғаларына салған түрлі түсті суреттер, қолдан жасалған ыдыстар, үй бұйымдары қол өнерінің жаксы дамығанын көрсетеді. Адам эволюциясының осы кезеңінде биологиялық факторлар өз күшін жойып, бұл кезеңде әлеуметтік факторлар негізгі рөл атқарып, саналы адам (Homo sapiens) калыптасты.

Берілген кестені толтырып, адам эволюциясының кезендеріне сипаттама беріңдер.


Адам эволюциясының кезеңдері

Өзгеріске көбірек ұшыраған мүшелер

Өзгеру

сипаты


Өзгерудің себептері

Австралопитектер

Ежелгі адамдар (синантроп, питекантроп, гейдельберг адамы)

Неандертальдықтар

Кроманьондықтар

Қазіргі адамдар













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет