Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Эритроциттердің тұну жылдамдығы және оның өзгеруі



бет70/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Эритроциттердің тұну жылдамдығы және оның өзгеруі. Ұю қасиетінен айырылған қанды (лимон қышқылының натрий ерітіндісін қосу арқылы) мензуркаға құйып бір сағат сақтаса қанның ең жеңіл бөлігі плазма қанның бетіне шығады да эритроцит мензурка түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдығына қарай плазма қабатының қалыңдығы (биіктігі) әртүрлі болады.
Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де, эритроциттердің тұну жылдамдығы анықталады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы ер адам мен әйелде түрліше, ерлерде сағатына 1-10 мм, әйелдерде 2-15 мм. Екі қабат әйелдерде эритроциттер тез тұнады (сағатына 30-40мм).
Жаңа туған нәрестеде 0,3-2 мм/сағ. Денеде қабыну процесі басталса ЭТЖ өседі. ЭТЖ арқылы қабыну процесінің күшейгенін не бәсеңдегенін (емдегеннен кейін) білуге болады, сондықтан ауруханада науқас адамның ЭТЖ-сы бірнеше рет анықталады.
Эритроциттердің тұну себебі туралы көптеген пікірлер бар. Солардың бірі эритроциттердің тұнуы физикалық құбылыс, сондықтан ЭТЖ-ны физика заңымен түсіндіруге болады. Мәселен, плазмаға қарағанда эритроциттердің меншікті салмағы жоғары, сондықтан да олар тез тұнады. Бірақ көптеген тәжірбиелер бұл пікірді растамайды.
Жылқы мен бұқа эритроциттерінің меншікті салмағы бірдей, бірақ жылқы эритроциттері тез шөгеді.
Эритроциттер әдетте жүзіп жүрген кішкене түйіршіктер олар көпке дейін тұнбайды. Тұнар алдында олар бір-бірімен жабысып, теңгелер тізбегі сияқты бағана құрады. Демек, эритроциттер конгломерат (үйінді) түрінде тұнады. Сондықтан конгломерат құрылуын тек физикалық заңдылықтарымен, не белгілі бір химиялық затқа тән қасиеттермен түсіндіру қиын.
Жүзіп жүрген бос түйіршіктер ретінде эритроциттер тұнатын болса, жоғарыда айтылған қағида бойынша эритроциттердің тұну дәрежесі плазманың тұтқырлығына байланысты болар еді, плазма неғұрлым тұтқыр болса, соғұрлым тұнуы баяу, керісінше плазма тұтқырлығы аз болса, эритроциттер соғұрлым тез тұнатыны байқалды. Бұл тәжірбиелердің мәнін физикалық-химиялық теориялар арқылы ұғынуға болады .
Эритроциттердің тұнуы мен плазма қасиеттерінің өзара байланыстылығы анықталды. Бұл қан құрамындағы плазма мен эритроциттерді «айқастыра» араластыру арқылы дәлелденді.
Ер адам эритроциттерін екі қабат әйел плазмасына тоғытса, ал екіқабат әйелдің эритроциттерін ер адамның плазмасы мен араластырса, эритро-циттер шөгуінің өзгеруі плазма иесіне байланысты. Ер адам эритроциттері екі қабат әйел плазмасында тез шөгеді де, екіқабат әйел эритроциттерінің тұнуы ер адам плазмасында өте баяулайды. Мұның себебі, жүкті әйелдер плазмасында тұрпайы дисперсиялық белоктар көбейіп кетеді. Әсіресе фибриноген, иммундық глобулендер мен гаптоглубулендер плазмада көп болса, эритроциттер тез тұнады. Себебі, эритроциттер плазмада жеке дара жүзіп жүреді, яғни суспензия құрады. Эритроцит мембранасының сыртқы бетінде дене жасушыларына қарағанда циан қышқылы көбірек, сондықтан әр эритроцит теріс зарядталған. Бірыңғай зарядталған эритроциттер бірін-бірі теуіп, бір-біріне жақындай алмайды, көпке дейін шөкпейді. Қан белоктары теріс зарядталған, бірақ олардың заряды өте әлсіз. Ақуыз мөлшері көбейсе, ол эритроцит бетіне адсорбцияланып, оның заряд күшін төмендетеді. Сондықтан бірін-бірі жөнді тебе алмайды. Эритроциттер бетінде адсорбцияланған ақуыздар оның жабысқақтығын (когезиондық, адгезиялық қасиетін) күшейтеді, сөйтіп эритроциттердің бір-бірімен жабысуына жағдай туғызылады. Эритроциттер жабысып «теңгелер тізбегін» құрып тез тұнады
Эритроциттердің шөгуіне басқа факторлар да әсер етеді. Мәселен, холестриннің эритроциттер санының, плазмадағы қышқыл қалдықтардың көбеюі эритроциттерді тез тұндырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет