Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет15/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
Реферат та ырып Б лшы еттерді ж не бас а оз ыш лпаларды физ
Қосымша әдебиеттер
1. Аханов Ү.Қ. «Адам және жануарлар физиологиясы» зертханалық практи-кум / Ү.Қ. Аханов - Алматы: «Эверо» баспасы, 2020.– 144 б.
2. Тағайбекова,Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша : Биология маманд. студ. арналған зертханалық практикум / Д. С. Тағайбекова, - Шымкент : ОҚМУ, 2015 o=эл. опт. диск (CD-ROM)
Лекция № 5. Жүйке талшықтарының физиологиясы


Лекция жоспары:

  1. Жүйке талшықтарының құрылысы.


  2. Синапстар, олардың түрлерi және физиологиялық қасиеттерi.


  3. Рефлекс, оның жiктелуi.


  4. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерi.




Лекция түрі: пікір алмасу
Тірек ұғымдары: «нейрон», «аксон», «эфференттік талшықтар», «синапс»


1. Жүйке талшықтарының құрылысы.
Жүйке жүйесi организмнiң жеке мүшелерiнiң қызметiн, зат алмасу процесiн реттеп отырады. Жүйке жүйесiнiң арқасында организм әрекетi, сыртқы орта жағдайына сәйкес бейiмделе өзгерiп, орта мен организм арасында өзара байланыс, сәйкестiк қалыптасады.
Жүйке жүйесi жүйке ұлпасынан құралған. Жүйке ұлпасы жүйке клеткасынан - нейрондардан және глиядан тұрады.
Нейрон жүйке жүйесiнiң құрылымдық және функциональдық бiрлiгi болып табылады.
Нейрон- денесiнен және өсiндiлерден тұрады.
Аксон – ұзын өсiндiлер, дендрит- қысқа өсiндiлер. Нейрон өсiндiлерi сыртынан қабықпен қапталып, жүйке талшықтарына, ал олар топтаса келiп, жүйке тамырларына (жүйкеге) айналады. Жүйкенiң негiзгi қызметi – жүйке импульстерiн өткiзу.
Қызметiне қарай жүйке талшықтары сезгiш, қозғалтқыш және аралас болып бөлiнедi.
Сезгiш жүйке талшықтары тiтiркендiргiштi қабылдап қозуды орталық бөлiмiне өткiзедi, бұларды афферентiк немесе орталыққа тепкiш жүйке талшықтары деп атайды.
Қозғалтқыш жүйке талшықтары қозуды орталық бөлiмiнен орындаушы мүшелерге қарай өткiзедi, бұларды эфферентiк талшық- тар деп атайды.
Жүйке талшықтары құрылым ерекшелiктерiне қарай миелиндi (майлы қабықты) және миелинсiз (майлы қабықсыз) болып екiге бөлiнедi.
Миелиндi талшықтар – сезгiш, қозғалтқыш жүйке талшықтары, ал миелинсiз талшықтар – вегетативтiк постганглилiк талшықтар жатады.
Миелиндi жүйке талшықтарының диаметрi 1-25 мкм шама- сында, ал миелинсiздiкi жiңiшке- 0,5-2,0 мкм. Миелиндi талшықтар миелин және Шванн қабықтарымен қапталған, ал миелинсiз талшықтарда тек Шванн қабығы болады. Миелиндi қабық жүйке талшығын тұтас жаппайды. Ол әрбiр 1-2,5 мм сайын үзiлiп отырады, оны Ранвье үзiлiсi деп атайды.
Жүйке талшықтарының 60% дәнекер ұлпадан, 30% миелин қа- бығынан, ал 10 % нейрофибрильдерден тұрады.
Миелиндi жүйке талшықтары қызметiне және құрылысына қарай үш топқа – А,В,С – бөлiнедi.
А – тобының талшықтары жуан, 4-20 мкм болады, (орталыққа тепкiш жүйке талшықтары). В – тобы диаметрi 3 мкм, жiңiшке талшықтар (афференттiк талшықтар). С – тобының талшықтары жұқа миелин қабығымен қапталған, диаметрi 2 мкм (афференттiк талшықтар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет