Бұлшық ет күшi. Бұлшық еттiң жиырылуы әсер еткен тiтiркендiргiш күшiне және өзiнiң морфологиялық қасиеттерi мен физиологиялық күйiне байланысты. ұзын бұлшық еттер қысқа еттерге қарағанда көбiрек қысқарады.
Еттiң жиырылу күшi оның созылу деңгейiмен байланысты өзгередi. Еттiң аз мөлшерде созылуы серпiмдiлiк компоненттердi ширықтырып, жиырылу күшiн артырады. Ал, ет шамадан тыс созылса, оның жиырылу күшi әлсiрейдi, себебi актин мен миозин жiпшелерiнiң жанасатын кесiндiлерiнiң ұзындығы азайып,оларды қосатын көпiршелер саны кемидi.
Еттiң күшiн изометриялық жиырылу кезiнде олардың максимальдi ширығу мүмкiндiгiмен, немесе көтерген жүгiнiң мөлшерiмен анықтайды. Еттiң күшi көлденең етiнiң мөлшерiне байланысты болады. Еттiң күшi деп ет изометриялық жиырылу кезiнде барлық ет талшықтарының қатысуымен дамытқан, ширығу, кернеу деңгейiн айтады. Еттiң максимальдi күшi оның құрамына кiретiн талшықтардың санына, олардың жуандығына байланысты. Бұл көрсеткiштер еттiң анатомиялық көлденең енiн құрайды. Еттiң максимальдiк күшiнiң оның анатомиялық көлденең енiне қатынасын еттiң салыстырмалы күшi деп атайды. Ол кг/см2 өлшемiмен өлшенедi.
Ал еттiң максимальды күшiнiң оның физиологиялық көлденең енiне қатынасын абсолюттiк күшi дейдi.
5. Бұлшықеттің жұмысы және қажуы. Ет жұмысы. Ет жиырылған кезде оның ұзындығы қысқарып, белгiлi жұмыс атқарылады. Динамикалық жұмыс-бұл еттiң нақтылы жүктi қозғалту, буын арқылы сүйек қимылдарын атқаруға жұмсауын айтады. Статикалық жұмыс – ет изометриялық жиырылу жағдайында атқарылған жұмыс. Бұл кезде ұзындығы өзгермейдi, мысалы, белгiлi мөлшерде жүктi ұстап тұру.
Еттiң динамикалық жұмысының (W) мөлшерiн жүктiң массасын (Р) ол көтерiлген биiктiкке (ї) көбейту арқылы анықтайды да, кгм бiрлiгiмен өлшенедi: W=Ph кгм.
Еттiң жұмысы ол көтерген жүк мөлшерiне, жұмыс ырғағына байланысты өзгерiп отырады.
Қажу - деп жұмыс атқарғаннан кейiн клетканың, мүшенiң немесе бүкiл организмнiң жұмыс қабiлетiнiң уақытша төмендеуiн, не жойылуын айтады. Бұлшық ет ұзақ уақыт жұмыс атқарудың салдарынан қажиды. Қажыған кезде еттiң функциональдық қасиеттерi- қозғыштығы, лабиль-дiлiгi және жиырылғыштығы төмендейдi.
Қаңқа еттерi бiрiңғай салалы еттерден жылдам қажиды. Ал қаңқа еттерiнде алдымен ақ еттер, содан соң қызыл еттер қажиды.
Еттiң қажу механизмi туралы бiрнеше көзқарас бар:
Шиффтiң болжамы бойынша еттердiң қажуы еттегi қуат қорының (гликогеннiң) азаюына байланысты дамиды. Бiрақ терең зерттеулер өте қатты қажыған бұлшық еттiң өзiнде гликогеннiң жеткiлiктi мөлшерде болатынын көрсеттi.
Пфлюгердiң улану теориясы бойынша жұмыс үстінде етте сүт және фосфор қышқылдары мен басқа да алмасу өнiмдерi жиналып, мүшенiң қызметiн тоқтатады (уландырады).
Введенскийдiң көзқарасы бойынша еттен бұрын мионевральдық синапс қажиды деген. Синапстардың, нейрондардың қажуынан да болуы мүмкiн.
Организмде еттiң қажуы сонымен, құрамындағы гликогеннiң, АТФ-тiң, креатин фосфаттың азаюымен, актомиозиннiң ферменттiк қасиетiнiң төмендеуi және синапстың қажуымен байланысты.
Лаборатортиялық жағдайда адамның бұлшық етiнiң қажуын Эрограф аспабымен зерттейдi, алынған сызықты Эрограмма деп атайды.
Үнемi ауыр жұмыс атқарғанда адамның бұлшық ет ұлпасының ұлғаюына әкеледi. Гипертрофия негiзiнде ет талшықтарының цитоплаз-масының массасының жоғарлауы және бұндағы миофибрильдердiң санының көбеюi нәтижесiнде, әр талшықтың диаметрiнiң ұлғаюына әкеледi. Бұл жағдайда етте нуклеин қышқылдарының және белоктың тұзiлуi жоғарылап, қуат көзi ретiнде пайдаланылатын – АТФ, креатин-фосфат және гликогендi– жеткiзетiн заттардың мөлшерi көбейедi. Осыған байланысты гипертрофияланған бұлшық еттiң жиырылу күшi, жылдам-дығы жоғарылайды. Машыққан адамдардың бұлшық етi дене салмағының 50 % құрайды (қалыпты жағдайда 35-40 %).
Гипертрофияға қарама-қарсы еттiң атрофиясы кездеседi. Атрофия көп уақыт ет жұмыс атқармаса байқалады (жiппен орап тастағанда, бiр жерде қимылдамай жатқанда). Бұл кезде ет талшықтарның диаметрi жiңiшкерiп, құрамында АТФ, гликоген, актомиозин белогы азаяды.