6. Бiрiңғай салалы бұлшық еттердiң физиологиялық қасиеттерi.
Адам мен жануарлар организмiнде бiрiңғай салалы еттер iшкi ағзалар мен қан тамырлары қабырғасында, терiде кездеседi. Олардың ерекшелiктерi:
Олар қаңқа еттерiнен баяуырақ жиырылады және жиырылу уақытын ұзақ уақыт сақтай алады (тетанус).
Тегiс бұлшық еттерiнiң көлденең жолағы «Z» мембранасы жоқ, актин мен миозиннен құралған саркоплпазмаға бай.
Қуатты аз жұмсап, ұзақ уақыт жиырыла алады.
Заттар алмасу деңгейiнiң төмендiгi. Ауэрбахов пен Мейснер түйiндерi болғандықтан автоматизм қабiлетi бар.
Тыныштық потенциалының деңгейi төмен, 10-20 мВ шамасыда.
Қозғыштық қасиетi төмен, сондықтан қозу табалдырығы жоғары, ал хронаксиясы ұзақ болады. Икемдiлiгi (пластикалық) жоғары.
Бақылау сұрақтары.
Организмде еттердiң қандай түрлерi бар? Олардың құрылыс ерекшелiктерi неде?
Ет ұлпасына тән физиологиялық қасиеттерiне сипаттама берiңiз.
Бұлшық еттiң жиырылу түрлерiн атаңыз.
Бұлшық еттiң жиырылу механизмiне түсінiктеме беретiн теорияларды сипаттаңыз.
Еттiң жиырылуына қуат көзi ретiнде қандай заттарды пайдаланады?
АТФ, креатинфосфат, гликоген қалай түзіледі?
Ет күшi дегенiмiз не оған қандай факторлар әсер етедi?
Еттiң қажуы, және оған түсінiктеме беретiн теориялар.
Жиырылу кезiнде тұзiлетiн жылу, оның тұзiлу сатыларын атаңыз.
10.Гипертрофия және атрофия қай кезде байқалады?
11.Еттiң динамикалық және статикалық жұмысы дегенiмiз не, қандай өлшеммен өлшенедi ?
12.Бiрiңғай салалы бұлшық еттердiң құрылымдық ерекшелiктерi неде?
13.Бiрiңғай салалы еттердiң физиологилық қасиеттерiнiң ерекшелiктерi қандай?
Негізгі әдебиеттер
1. Сәтбаева, Х.Қ. Адам физиологиясы : Оқулық - Алматы : "Эверо", 2015. - 664б.
2. Жумадина Ш.М. Адам және жануарлар физиологиясы : биология маман. студ. арналған оқу құралы / Ш. М. Жумадина. - Алматы : "Эверо", 2015. - 156 с.
3. Несiпбаев,Т. Адам және жануарлар физиологиясы.Оқулық-диалог,сұрақ-жауап[Мәтiн]: оқулық / Несiпбаев,Т. - өңделіп,толықтырылған 2-шi бас. - Алматы: "Дәуір",2015. - 454 с.
4. Тағайбекова Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша дәрістер жинағы: Биология маманд. студ. үшін / Д. С. Тағайбекова. - Шымкент : ОҚМУ, 2015, -122 б.
5. НесiпбаевТ., Несіпбаева А. Адам және жануарлар физиологиясы, Алматы, 2012ж.-435 б.
6. Мырзаханова М.Н., Мырзаханов Н. Жалпы физиология: оқулық / М.Н. Мырзаханова, Н. Мырзаханов. – Алматы: Эверо, 2020. – 148 б.
Достарыңызбен бөлісу: |