Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет5/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

3. Тiтiркендiру заңдары.
Қай ұлпаны алмайық, қозу процесi тiтiркендiру нәтижесiнде пайда болады.
Тiтiркендiру деп- әр түрлі тiтiркендiргiштердiң тiрi ұлпаларға әсер етуiн айтады.
Тiтiркендiргiш деп- өз әсерiмен тiрi ұлпаларда қозу процесiн тудыратын iшкi немесе сыртқы орта факторларын, агентерiн айтады.
Тiтiркендiргiштер энергиялық табиғатына қарай – химиялық (гармондар, қышқылдар, сiлтiлер, тұздар, т. б.), физикалық (механи-калық, жылулық – t0, электiрлiк, сәулелiк, дыбыстық, радио-активтi сәулелер), биологиялық (микробтар, вирустар) болып бөлi-недi.
Ұлпалармен организмге биологиялық әсерiнеқарай тiтiркен-дiргiштер адекваттық (үйреншiктi) және инадекваттық (тосын) болып бөлiнедi.
Ұлпаларға қалыпты, табиғи тiршiлiк жағдайларында әсер ететiн тiтiркендiргiштердi адекватты тiтiркендiргiш деп атайды. Бұл тiтiр-кендiргiштердiң әсерiне ұлпалар мен мүшелер эволюциялық даму барысында бейiмделiп үлгерген. Мысалы, есту рецепторлары үшiн – дыбыс толқыны, көздiң торлы қабығының рецепторлары үшiн – сәуле, ет талшықтары үшiн- нерв тiтiркенiсi адекватты тiтiркендiргiштер болып табылады.
Ұлпалар мен мүшелерге табиғи жағдайда әсер етпейтiн тiтiр-кендiргiштердi инадекватты деп атайды. Мысалы, әр түрлі механи-калық әсер (соғу, шаншу) электр тоғы, қышқылдар т.б. бұлшық еттi жиырылтады.
Инадекватты тiтiркендiргiштерден физиологиялық процестердi зерттеу мақсатында электр тоғы кеңiнен қолданылады. Себебi, токтiң күшiн, әсер уақытын, өсү градиентiн оңай өзгертүге болады. Сонымен қатар тәжiрибеде қолданылатын ток күшi ұлпаны зақымдамайды, табиғаты жағынан электр тоғы қозу кезiнде организмде пайда болатын биотокпен тең емес.
Тiрi ұлпа элетролит болып табылады, сондықтан тұрақты ток көзiмен жалғасқан екi элетродты тигiзсе, иондар алмасу процесi жүредi. Анодқа-аниондар, ал катодқа – катиондар жиналады.
Пфлюгер (1895) тұрақты токтың ұлпаларға тигiзетiн әсерiн, мұндағы заңдылықтарды зерттей келе, сонымен қатар Вольт, Дюбуа-Реймон зерттеулерiн қорыта отрып тұрақты ток әсерiне байланысты бiрнеше қағидалар айтты:
  1. Тұрақты ток ұлпаны тек қана электр тiзбегi тұйықталған ажыраған кезде тiтiркендiредi.


  2. Қозу процесi тұрақты ток тұйықталғанда катодта, ал ажырағанда анодта пайда болады.


  3. Тұрақты токтың тұйықталғандағы әсерi ажырытылғандағысынан күштiрек болады.


Тұрақты ток ұзақ уақыт ұлпа арқылы өткiзiлсе, электродтар қойылған жерлерде ұлпаның физиологиялық қасиеттерi – қозғыштығы, өткiзгiштiгi өзгередi. Бұл құбылысты физиологиялық электрон деп атайды. ұлпаның физиологиялық қасиеттерi қарама-қарсы бағытта өзгередi. Катод тұрған жерде қозу қасиетi мен өткiзгiштiк дәрежесi жоғарылайды, анод тұрған жерде керiсiнше төмендейдi, осыған сәйкес алғашқысы катэлектротон, екiншiсi анэлектротон деп аталады.


Әсер күшiне қарай тiтiркендiргiштер табалдырықты, табалдырықтан төмен және табалдырықтан жоғары болып бөлiнедi.
Табалдырықтан төмен дегенiмiз өте әлсiз тiтiркендiргiштер.
Табалдырықты тiтiркендiргiштер - ұлпаны қоздырушылар.
Табалдырықтан жоғары тiтiркендiргiштер – ұлпаны күштi қоздырушылар.
Ұлпалар физиологиялық тыныштық күйiнен қозу жағдайына өту үшiн тiтiркендiргiштiң белгiлi деңгейдегi күшi, әсер мерзiмi (уақыты) және әсер күшiнiң өсу шапшаңдығы (градиентi) болуы қажет. Осыған байланысты тiтiркендiру заңдарын ажыратады.
Күш заңы – әсер ететiн тiтiркендiргiштiң күшi неғұрлым жоғары болса, соғұрлым (белгiлi бiр шекке дейiн) ұлпаның жауап реакциясы да күштi болады.
Қозу пайда болу үшiн табалдырықты күш әсер етуi қажет. Ал күштiң мөлшерi ұлпаның қозғыштығына байланысты. ұлпаның қозғыштығы неғұрлым жоғары болса, тiтiркендiргiштiң күшi аз болады. Бұл күштi қозу табалдырығы немесе реобаза деп атайды.
Мерзiм заңы – тiтiркендiргiштердiң әсер уақты неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым (белгiлi бiр шекке дейiн) ұлпаның жауап реакциясы да күштi болады. Табалдырықты тiтiркендiргiш әсерiмен қозу процесiнiң пайда болуы үшiн қажет уақыттың ең аз шамасын әсер мерзiмi, пайдалы уақыт деп атайды. Тiтiркендiргiш күшi мен әсердiң ұзақтығы арасында байланыс бар.
Тiтiркендiргiш күшi қаншалықты зор болса, соншалықты әсер мерзiмi қысқа болады. Бұл байланысты Дж Гоорверг (1832) пен М.Вейсс (1901) қисық сызық арқылы көрсетiп, «күш пен уақыт» сызығы деп аталды.
Көлденең сызықпен (абцисса) уақыты есебiмен, ал тiк сызықпен (ординат) электр тiтiркендiргiшiнiң күшi – реобаза көрсетiледi.
Бiр реобазаға тең күш ОА –жұмсап, ұлпаны қоздыру үшiн оның әсерi О Смс -ке созылуы қажет. Бұл күштiң әсерiн одан әрi қарай соза түссе, ол жауапты күшейтпейдi, яғни пайдасыз жұмсалады. Қисық сызық абсцисса өсiне жарыса (паралель) орналасады. Сондықтан да ОС мс әсердiң пайдалы уақты болып есептеледi.
Пайдалы уақыт деп белгiлi бiр ұлпаны қоздыратын бiр реобазаға тең күш әсерiнiң ең қысқа уақытын (ОС) айтады. Ол м.,минут,мсек есебiмен белгiленедi. ұлпа неғұрлым қозғыш болса, әсердiң пайдалы уақыты соғұрлым қысқа болады.
Л.Лапик (1908) «күш пен уақытӨ заңдылығын пайдалана отырып, Хронаксия атты көрсеткiштi Үсынды.
Хронаксия деп екi еселенген реобаза әсерiмен қозу процесi пайда болу үшiн қажет уақытты айтады (О±). Хронаксия мөлшерi хронаксиметр аспабымен өлшенедi, мс. есебiмен (сигмамен) белгiленедi. Бұл арқылы Ұлпалардың қозу дәрежесiн өлшеуге болады.
Градиент заңы. Қозу процесi туындау үшiн тiтiркендiргiш күшiнiң өсуi шапшаң болуы қажет, неғұрлым тез, шапшаң болса, соншалықты (белгiлi бiр шекке дейiн) тiрi Ұлпа реакциясы күштi болады. Тiтiркендiру градиентi төмендесе, қозғыштық табалдырығы жоғарылайды. Ттiркендiргiш күшi баяу өссе қозу процесi туындамай да қалады. Себебi, тiтiркендiргiшке Ұлпалардың бейiмделуi, аккомодация байқалады. Аккомодация неғұрлым тез жүретiн болса, соғұрлым тiтiркендiргiш күшi тез өсу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет