Бақылау сұрақтары
Қозғыш құрылымдарға не жатады.
Қозу, қозғыштық, тiтркендiргiштiк.
Тiтiркендiргiштер, олардың жiктелуi.
Оптимум және пессимум дегенiмiз не?
Тыныштық потенциалы дегенiмiз не және ол қалай пайда болады?
Негізгі әдебиеттер:
1. Сәтбаева, Х.Қ. Адам физиологиясы : Оқулық - Алматы : "Эверо", 2015. - 664б.
2. Жумадина Ш.М. Адам және жануарлар физиологиясы : биология маман. студ. арналған оқу құралы / Ш. М. Жумадина. - Алматы : "Эверо", 2015. - 156 с.
3. Несiпбаев,Т. Адам және жануарлар физиологиясы.Оқулық-диалог,сұрақ-жауап[Мәтiн]: оқулық / Несiпбаев,Т. - өңделіп,толықтырылған 2-шi бас. - Алматы: "Дәуір",2015. - 454 с.
4. Тағайбекова Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша дәрістер жинағы: Биология маманд. студ. үшін / Д. С. Тағайбекова. - Шымкент : ОҚМУ, 2015, -122 б.
5. НесiпбаевТ., Несіпбаева А. Адам және жануарлар физиологиясы, Алматы, 2012ж.-435 б.
6. Мырзаханова М.Н., Мырзаханов Н. Жалпы физиология: оқулық / М.Н. Мырзаханова, Н. Мырзаханов. – Алматы: Эверо, 2020. – 148 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Аханов Ү.Қ. «Адам және жануарлар физиологиясы» зертханалық практи-кум / Ү.Қ. Аханов - Алматы: «Эверо» баспасы, 2020.– 144 б.
2. Арынова Р.А. Адам және жануарлар физиологиясының практикумы./ - Алматы: «Эверо» баспасы, 2020. – 142 б.
3. Тағайбекова,Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша : Биология маманд. студ. арналған зертханалық практикум / Д. С. Тағайбекова, - Шымкент : ОҚМУ, 2015 o=эл. опт. диск (CD-ROM)
Лекция 3. Ұлпалардағы биоэлектрлiк құбылыс
Лекция жоспары
1. Ұлпалардағы биоэлектiрлiк құбылыс.
2. Потенциал түрлерi.
3. Қозуды өткiзу.
4. Н.В.Введенскийдiң парабиоз туралы iлiмi.
1. Ұлпалардағы биоэлектрлiк құбылыс.
Қозу процесi нәтижесiнде әр түрлі энергия бөлiнедi. Солардың арасында қозудың алғашқы белгiлерiнiң бiрi болып биопотен-циалдардың пайда болуы. Ұлпалардағы биопотенциялдарды зерттейтiн физиология ғылымының арнаулы салаларының бiрi – электрофизиология негiзi. XVIII ғ. соңғы он жылында қаланды. Алғаш болып биотоктардың бұлшық еттерде пайда болуын итальян ғалымы Гальвани (1791ж) тәжiрибе жүзiнде дәлелдеген. Бақаның нерв – ет препаратының нервi мен бұлшық еттерiн екi түрлі металдар арқылы тiзбектеп жалғастырғанда бұлшық еттiң жиырылатынын байқаған. Жиырылу ұлпаларда туындайтын электр тоғының әсерiмен түсіндiрiп, “Ет әрекетi кезiндегi электрлiк күш жайлы трактат” деген еңбегiн жариялаған.
А.Вольта Гальванидiң бұл тәжiрибесiнде биотоктың пайда болуын қасиетi әр түрлі екi металдан (темiр мен мыстан) құралған тiзбекте тұрақты токтың пайда болуымен түсіндiрдi. Препарат тек өткiзгiш электролит қызметiн атқарады деген.
Соңынан (1794 ж) Гальвани тәжiрибенi металсыз қайталаған. Бұлшық еттiң бiр жерi жарақаттанып, оған шонданай нервi шыны таяқша көмегiмен бiр жерi еттiң зақымдалмаған, екiншi жерi зақымдалған жерiне тиетiндей жағдайда асыра тасталған. Осы кезде ет дiрiлдеп, жиырылып отырған.
1837 ж. Л.Гальванидiң шәкiртi К.Маттеуччи ұстазының екiншi тәжiрибесiн сiңiрсiз бұлшық етпен қайталап, физик Вольтаның қарсы пiкiрлерiнiң негiзсiз екенiн нақтылы түрде дәлелдеп көрсеттi.
К.Маттеуччи тәжiрибесiнде екi нерв – ет препаратын алған. Бiрiншi нерв- ет препаратының нервi электр тоғы көзiмен жалғасқан электродтар үстіне орналастырылады да, ал екiншiсiнiң нервi бiрiншi препарат етiнiң үстіне тасталынады. Бiрiншi препарат нервiн тiтiркендiргенде екi бұлшық етте жиырылады. Себебi бiрiншi препарат етiнiң жиырылуы кезiнде пайда болған электр тоғының әсерiмен түсіндiрген.
Айтылған ғалымдардың тәжiрибиелерi электрофизиологияның негiзiн салды. Бұл саланы дамытуда немiс ғалымы Дюбуа – Реймон да зор еңбек сiңiрдi. Ол тiлшiктi гальвонометр көмегiмен Гальванидiң екiншi, Маттеуччидiң бiрiншi тәжiрибесiне талдау жасай келе, бұлшық еттiң зақымдалған және зақымдалмаған бөлiмдерi арасында потенциалдар айырмасы болатынын анықтады. Зақымдалған жерiнде “терiс” зақымдалмаған жерiнде “оң” заряд пайда болатыны дәлелдендi. Бұл тогты “тыныштық тоғы” деп атады. Ал қозу туындаған кезде, Ұлпаның қозған бөлiмiнде “терiс” , ал қозбаған бөлiмiнде “оң” заряд сақталатынын дәлелдедi. Токтың бұл түрiн “әрекет тоғы” деп атады.
ХlХ-ғасырдың соңында және ХХ-ғасырдың басында биопонциалдар барлық тiрi Ұлпаларда пайда болатыны дәлелдендi және де туындау механизмдерiне талдама жасалды. Электрофизио-логияның дамуына В.Д.Данилевский, И.М.Сеченов, Н.Е.Введенский, А.Ф.Самойлов, В.В.Правдич -Неминский зор үлес қосты. Мидағы, жүректегi биотоктарды тiркедi.
Биотоктар табиғатын түсіндiру мақсатында бiрнеше теориялар ұсынылған.
Альтерациялық немесе диффузиялық теория.
Бұл теорияны 1896 жылы Аррениустың электрлiк диссоциация теориясы негiзiнде В.Ю.Чаговец ұсынған. ұлпаның зақымданған, немесе тiтiркенген бөлiгiнде зат алмасу процесiн күшейтiп, көп мөлшерде Н2СО3 бөлiнетiнi анықталған. Бұл қышқыл Н+ және НСО3- иондарына ажырағаннан соң, Н+-иондары ұлпаның басқа бөлiмiне тез өтiп кетедi де, НСО3- иондары зақымдалған немесе қозған бөлiмiнде қалып қояды. Сондықтан екi бөлiм (қозған және тыныштық күйде) арасында потенциал айырмасы пайда болады.
Мембраналық теория. Ю.Бернштейн (1902 ж) биотоктың пайда
болуының мембраналық теориясын ұсынған. Бұл теория бойынша торшалардың мембранасы катиондарды өткiзiп, аниондарды өткiзбейдi, сондықтан мембрананың сыртында «оң» заряд, ал iшiнде-«терiс» зарядталады. Торша зақымданғанда немесе тiтiркенгенде мембрана арқылы аниондар сыртқа шығады да, торша беткейi терiс зарядталып, ұлпаның зақымданған бөлiмi арасында потенциалдар айырмасы пайда болады.
Мембрана иондық, немесе натрий-калийлiк сорап (насос) теориясы.
А.Ходжкин, А.Хаксли және Б.Катц 50 жылдардың соңында мембраналық теория негiзiнде ұсынған.
Торша мембранасы белоктар мен липидтерден тұрады, оның қалыңдығы 6-10 нм. шамасында. ғылыми деректерге сүйене отырып, осы мембрананың мозайкалық моделi жасалынды. Бұл модельге сәйкес мембрана фосфолипидтер молекулаларының екi қабатынан құралады. Белоктар молекулалары фосфолипидтер қабаттарына ене орналасады. Мембранада майда арналар, немесе ұсақ саңылаулар бар. Бұл арналарда тасымалдаушы жүйке және мембрананың электр өрiсiн реттеп тұратын қақпалық механизм – «қақпақшаларды» ажыратады. Бұл «қақпақшалар» не ашық не жабық күйде болады.
Нерв және ет торшаларында натрий, калий, кальций және хлор жолдары анықталған.
Тыныштық күйде торша мембранасының өтiмдiлiгi әртектi иондар үшiн әртүрлі. Мембрана арқылы калий иондарының өтiмдiлiгi өте жоғары. Натрий иондарының өтiмдiлiгi 25 есе, хлор иондарының өтiмдiлiгi 2 есе калиймен салыстырғанда аз. Сондықтан, нерв пен ет торшаларының цитоплазмасында калий иондары 30-50 есе көп, натрий иондары 8-10 есе, хлор 50 есе аз болады.
Мембрана арқылы катиондарға қарағанда, аниондар нашар өткiзедi. Бұл мембрана құрамында диссоциацияланған фосфаттар және гидрок-сильдiк топтардың болуымен байланысты өзгерiп отырады. Мысалы, тыныштық жағдайда мембрана арқылы калий иондарының натрий иондарымен салыстырғанда 20-100 есе жылдам өтсе, қозу кезiнде натрий иондарының өткiзу қабiлетi жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |