Байланысты: Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
Жыныстық айналымның реттелуі. Жыныстық айналымның жиілігі мен ұзақтығы, оның жеке сатыларының реті, күйлеу және овуляция мерзімі, т.б феномендер нейроэндокриндик жүйе арқылы реттеледі. Көбею қызметін, гормондардың бөлінуі мен олардың қайтарымды әсерлерін қамтамасыз етуде орталық жүйке жүйесі жетекші рөл атқарады.
Жыныстық айналымды гуморальдық жолмен реттеуде гипоталамус маңызды рөл атқарады.Гипоталамустан фоллиберин және люлиберин бөлінеді де, олараденогипофизден гонадотроптық гормондардың бөлінуін үдетеді. Жыныстық айналымның қайталану жиілігі ФЖГ мен ЛГ-ның екі түрлі секрециясына тонкстық және айналымдық, байланысты қалыптасады.
Тонустық секреция қандағы гонадотропиндер деңгейін сақтап, жыныс торшаларының дамуын реттейді. Айналымдық секреция қысқа мерзімдік сипатта байқалады. Жыныстық айналымның ырғағына, шылымдану, күйлеу, овуляция үдерістерінің басталу мерзімі мен ұзақтығына сыртқы ортаның әр түрлі жағдайлары температура, азықтандыру, күтім, т.б. әсер етеді.
Ұрықтану. Фолликуладан бөлініп шыққан жұмыртқа мөлшері жағынан айтарлықтай үлкен торша. Ол ішінде сарыауыз түіршіктері бар цитоплазма мен шар тәрізді ядроны қоршап жатқан жұқа сарыауыздық қабықпен қоршалған. Жұмыртқа сырт жағынан сәулелі желі деп аталатын қабықпен қапталған. Ол бірнеше қабатпен орналасқан фолликула торшаларынан тұрады. Жұмыртқа өздігінен қозғала алмайды. Фолликуладан босанған ооцит жұмыртқалық жолға түседі де, оның бойымен осы түтікше қимылының арқасында жылжиды.
Спермий мен жұмыртқа жұмыртқалық жолдың аналық безге жақын ұшында кездеседі. Осы аталық және аналық жыныс торшаларының қосылып, ұрық (зигота-шарана) түзуін ұрықтану деп атайды. Спермий жұмыртқамен жанасқаннан соң аналық торша қабығына жабысады да, ооплазмаға ене бастайды. Бұл үдеріс акросома көмегімен онда жүретін күрделі өзгерістердің нәтижесінде атқарады. Спермийлер жұмыртқамен жанасқан соң оның бас бөлігінің плазмалық және сыртқы акросомалық мембраналары бір бірімен бірнеше жерден жабысады да, осы жерлерде тесіктер пайда болып, олар арқылы сыртқы сәулелі желі қабатының фолликулалық торшаларын біріктіріп тұрған іркілдек затты ерітетін гиалуронизаза мен акросомалық протеиназа ферменттері бөлінеді. Осының нәтижесінде спермийлерге жұмыртқаның меншікті қабығына мөлдір қабыққа, жол ашылды.
Жұмыртқа торшасының белсенуі нәтижесінде ооплазманың сыртқы қабатында өзгерістер жүре бастайды: ооплазма беткейінен қабық ажырап,
түіршіктер бөлінеді де, тіршілік сұйығы түзіледі. Бұл түйіршіктердің бір бөлігі еріп кетеді де, қалған бөлігі сарыауыз қабықпен қосылып, ұрықтану қабығын түзеді. Осы қабық түйіршіктерінің қатысуымен жұмыртқа торша бетінде тығыз, біртекті глиалық қабат пайда болады.
Осы мезгілден бастап хромосоманың диплоидты жиынтығы қайта қалыптасып, спермий мен жұмырқа бір торшаға зиготаға айналады. Зигота екі бластомерге бөлінеді де, олардың әрқайсысынан тағыда екі бластомер пайда болады. Ұрықтану нәтижесінде пайда болған зигота жұмыртқалық жолмен біртіндеп жатырға қарай жылжиды да, шошқада 3-4, сиыр мен қойда 4-5 тәуліктен соң жатырға түседі. Зигота жатыр мүйізіне морула сатысында өтеді.