Жүйенің маңызды бөлімі - құжаттау жүйесін құру. Оған ХАССП кәсіпорында орындайтын жоспарын растайтын, сондай-ақ технологиялық операцияның, түпкілікті өнімнің, кез-келген ингредиенттің шығу тегін қадағалауға мүмкіндік беретін жазба құжаттар жатады. Құжаттау жүйесіне азық-түлік туралы ақпарат, өндіріс жайлы ақпарат, ХАССП жұмыс парақшалары, мониторинг рәсімдері және т.б. кіру қажет.
7. Зерттеліп дайындалған жүйені тексеру тәртіптерін дайындау
ХАССП жоспарын зерттеп дайындап болған соң, кәсіпорын технологиялық үрдістің барлығын үрдіс үстінде тексеру тәртіптерін іске асыруға кіріседі. Тексеру тәртіптері кәсіпорындағы ХАССП жүйесі жоспарланғандай жұмыс атқарып жатқандығына көз жеткізу үшін және өндірістің үрдістері мен жүйені құжаттау арасында қайшылық жоқ екендігін анықтау үшін қажет. Тексеру жұмыстары кәсіпорынға ХАССП жүйесін енгізіп, құжаттау бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннаң кейін белгілі бір уақыт өткеннен соң (1 тоқсан), ішкі және сыртқы аудит әдістерінің көмегімен жүргізіледі. Келесі тексерістерді арнайы бір белгіленген мерзімде, жылына бір реттен сирек емес немесе есепке алынбаған жаңа қауіпті факторлар мен қауіп-қатерлер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тәртіппен жүргізуге болады. Кәсіпорын жетекшілері қызығушылық танытпай ХАССП жүйесін енгізу мүмкін емес. Себебі жүйені еңгізу белгілі бір шығындарды талап етеді және еңгізу жұмыстарын ұйымдастыру үшін де көп күш жұмсау қажет. Бірақ жүйенің нәтижесі өзін көп күттірмей кәсіпорынды қағида түрінде жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.