«Тағдыр» романы



Дата02.05.2020
өлшемі16.16 Kb.

Эссе

«Тағдыр» романы

Қабдеш Жұмаділов - Шығыс Түркістанның асау тағдырын, бүтіндей бір халықтың қайғысын өз көзімен көрген, естіп-білген бірден-бір тұлға. Оның шығармалары шындықтан өрілген, тарихпен расталған, уақытпен сараланған. «Тағдыр», «Соңғы көш» романдарында көрсетілген найман, керей және уақ елдерінің екі алып империя арасындағы шарасыз қалған күйлері жайлы біреу білсе, біреу білмес. Алайда Шәуешектің Демежанын, батыстағы Исатайдай болмаса да, әрбір қазақ білуге тиісті деп санаймын.

Демежан – адамгершіліктің нағыз символы. Оның бойына бұл қасиет ана сүтімен берілген деп санаймын. Себебі Демежан әр кез өзімен бірге өзінің адами өмірлік қағидаларын бірге ұстап жүрген. Ал уақыт өте келе Демежан білімін және біліктілігін арттыру арқылы сол адамгершілігін жан-жақты таныта бастады. Оған дәлел ретінде Демежанның қазаққа да, қытайға да, жарлыға да, әлсізге де көмек қолын созуын келтіре аламыз.

Романды оқу барысында мен біздің басты кейіпкер Демежанның тағдырынан Абайдың «қайрат, ақыл, жүрек» концептісін, сонымен қатар «Масқұт» поэмасымен ұқсастығын байқадым. Роман ішінен тізгінді жүрекке емес, ақылға беріп, ата-бабамыз салған адал жолдан тайып, өз қандастарына ор қазып жүрген қазақтың ішінен шыққан үкірдай, зәңгі-елубасыларды көре аламыз. Өз қайратын жүрекке бағындыра алмаған, күшін адал өмірдің жаңа қабырғаларын қалауға емес, өткеннің ізін бағып, қателігін түсінбей, керісінше кек іздеп жүрген «намысшылдарды» да көре аламыз. Білім іздеп, қазірде білікті маман атанған, қолында билігі, қырда малы толып жатса да, өз қалпынан танбаған, қанша қиын болса да, жүрегіне сүйенген, өзгеге тірек бола білген қырдың қарапайым қазағын да көре аламыз. Романда осы үшеуінің қызу таласын бақылай аламыз.

Ал романның соңында барлығы «жынды судан» ішіп алғандай болып, бар елдің панасы болып жүрген асыл азаматтан айырылып қалады. Қайғырып жатқандары да шамалы, керісінше дүние соңында бастары ауып Бибінің алдында кешірілмес күнәға батты. Асыл ердің қаңырап қалған орнын игі жақсылар ғана жоқтап, өлең жолдарын арнады, алайда өздері айтқандай, оның өмірі он ауыз өлең емес, ұзақ дастан-жыр жазуға татиды:

Дегенде, беу қарағаш, сәнің қайда,

Тербеткен төңіректі әнің қайда?...

Көшкенде жүк артатын түйең қайда?

Саяңда байлап қойған бтең қайда?

Жайылып төрт тарапқа даңқы кеткен,

Кешегі ер Демежан иең қайда?!



Сөз соңында, Демежанның соңғы есіне алған адамы – нақсүйері Бибі болғанын және өз өміріне еш өкінбей кеткендігін атап айтқым келеді. Себебі, біріншіден, өміріңіздің соңында сіз тек нақ жақын адамдарыңызды ғана сағынатын боласыздар. Сондықтан дәл осы сәттен бастап жақындарыңызды бағалай біліңіздер, сезімдеріңізді білдіріңіздер. Екіншіден, басты кейіпкер секілді еш өкінбейтіндей ғұмыр кешіңіздер. Ол жүрегіңізді тыңдап, ізгі ниетпен, адал жүрекпен, ашық көңілмен ғұмыр кешуді білдіреді.

Төлегенова Айгерім♡

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет