Тахауи Ахтанов «Боран»


bilimland.kz.11-сынып.Проза



бет5/5
Дата19.05.2020
өлшемі111,65 Kb.
#69556
1   2   3   4   5
Байланысты:
Т Ахтанов
Ыбырай Алтынсарин, Ыбырай Алтынсарин
bilimland.kz.11-сынып.Проза. Тахауи Ахтанов. «Боран» романын тыңдай аласыздар.


"Шырағың сөнбесін" романы туралы жалпы түсінік

“Шырағың сөнбесiн” романы “Жұлдыз” журналының 1973 жылғы 10-11 сандарында, 1980 жылғы 2-3 нөмірлерiнде қалың оқырман назарына ұсынылған Т.Ахтановтың соңғы романы, кесек туындысы. “ Онда Тахауи Ахтанов Ұлы Отан соғысының шындығын аша отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделілігіне назар аударады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі шытырман соғыс қасіретінің сұмдығын әр қырынан ашып, көрсетеді. Қанды қырғынның адам басына салған ауыр нәубеті еріксіз ойландырады. Қазақ әйелі Назира бейнесін кестелеу арқылы талай ойлар айтылады. Роман соғыс алапатына түсіп қалған жас келіншек Назираның атынан баяндалады. Соның көзімен берілетін соғыстың қатал шындығы оқырманды әр түрлі күйге түсіріп, адам тағдырының ойыншыққа ойналғанынақынжылтады. Адамның өмір үшін күресі бас қаһарманның бастан кешкендері арқылы әсері ашылады. Бұл шығармада Назира атты әйелдің өмірін баяндайды.

Роман тақырыбы - Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарындағы кезеңді суреттеуге арналған.

Романның бас кейіпкері қазақтың қарапайым жас келіні – Нәзира. Батыс шекарада қызмет атқаратын кеңес офицері Қасымбекке күйеуге шығып, жат елде жүргенде, кенеттен соғыс басталып кетеді. Жат елде басынан не бір қиындық өткен жас әйел майдан жерінде өмірге ұрпақ әкеліп, жолдасымен қайта қауышады. Ұлын көрген офицер жігіт көп ұзамай соғыста мерт болады. Майдан даласында Абат атты жігітпен жаңа өмірін бастаған Нәзира одан да айрылады. Қайтыс болған құрбысы Светаның, өзінің баласын және құрсағында тағы бір перзентін арқалаған жас ана поездға мініп, туған жеріне аттанады.

Романның негізгі идеясы - кiтаптың алғашқы беттерiн-ақ байқалады. Нәзира анасынан ерте айырылады. Әжесi сол анасының қабiрiне шырақ жағып, бата оқып, “Шырағың сөнбесiн!” деп күбiрлейдi. Жас бала Нәзира түсiнбей, жаққан шырақтың майы таусылып, сөнiп қалмай ма дейдi. Сонда әжесi басын шайқап: «– Әй, балам-ай, әлi баласың ғой... Сенсiң ғой оның шырағы. Сенiң тiлеуiңдi тiлеп кеткен жоқ па, бейшара» - дейді.

Жазушы соғыс әкелген зұлымдыққа осындай ұлттық дүниетаным мен адами құндылықтарды, адами күш-қайратты қарсы қою арқылы шығармаға терең философиялық мән дарытқан. Романның күллі оқиғасы әйелдің көзімен тізілгендіктен де, адамдардың жан-дүниесі тереңінен ашылып, роман психологиялық сипат алған.


bilimland.kz.11-сынып. Проза. Тахауи Ахтанов. «Шырағың сөнбесін» романын тыңдай аласыздар.
Бекіту сұрақтары:

1. Тахауи Ахтанов кім?

2. Романдарын атаңдар

3. Прозалары қандай?

4. Драматургия саласындағы еңбектері

5. Қандай жазушылардан аударды?

6. Атқарған қызметтеріне тоқталыңдар

7. Марапаттарын атаңдар


Үйге тапсырма

1. "Боран" романының тақырыбына, сюжетіне, идеясына, кейіпкерлерге сипаттама беріңдер.



2. "Шырағың сөнбесін" романындағы Нәзира бейнесіне талдау жасаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет