1-тур. «Географиялық сөтізбек». География – грекше гео – «жер», графо – «сипаттап жазу» деген сөз. Жалпы, жер беті табиғаты туралы, халықтар мен олардың шаруашылық іс-әрекеті туралы жазатын ғылым.
Тапсырма: берілген карточкадағы сөзді құрастырып, түсіндіріңдер.
Меридиандар – солтүстік және оңтүстік полюстерді қосатын сызықтар.
Платформалар – Жер қыртысының негізгі элементі, ежелгі және жас деп бөлінеді.
Стратосфера – атмосфераның екінші қабаты.
Буланушылық – су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі.
Тропосфера – атмосфераның Жер бетіне Таяу орналасқан қабаты.
Жүргізуші: Болам десең, теңізші,
Не ұшқыш қаласаң,
Дәрігерлікте жақсы ғой,
Қызметке жарасаң.
Ал сол үшін біздерге
Химия пәні керек қой!
Сондықтан да, сондықтан
Сол ғылымның тілін біл!
2-тур. «Химия хикаялары». Бұл тур екі бөлімнен тұрады. Біріншісі – сұрақтар, екіншісі – формулалар. Сұрақтар жазылған қағаздарды сайыскер жұптар таңдап алады да, сұраққа жұптар кезекпен 1 минуттын ішінде жауап береді. Одан кейін экранда көрсетілген формуланын атын айтулары керек, бұл жылдамдыққа арналған.
Александр Македонскидің Индияға сапары кезінде оның әскерлері іш ауруымен ауырған, ал офицерлер ауырмаған. Сусыны, тамағы бәрінің де бірдей, бірақ ыдыстары қандай металдан жасалған? (офицерлердің ыдыстары күмістен жасалған, ал күмістің бактерицидтік қасиеті бар)
«Түссіз көмір», «Сары көмір», «Жасыл көмір», «Көк көмір», «Көгілдір көмір», «Қызыл көмір» деп нені айтамыз? (Түссіз көмір-газ, сары көмір- күн энергиясы, жасыл көмір-өсімдік отыны, көк көмір-теңіз суының энергиясы, көгілдір көмір-желдің қозғаушы күні, қызыл көмір-жанар таудың энергиясы)
Жеті ғаламшарды ал химиктер жеті металға тенеген. Осы жеті металды атаңыз?(алтын, күміс, мыс, темір, қорғасын, қалайы, сынап)
Неліктен темір-аспан тасы деп аталған? (себебі метеориттің құрамында бар)
Формулалар: SiO2 – құм, NH4OH – мүсәтір спирті, H2SO4 – күкірт қышқылы, NH3 –аммиак.
Жүргізуші: Білімінің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста керек екен.