3-тур. «Биология базарлығы». Робиозон айдаладағы аралға тап болады. Үстелдің үстінде түрлі жемістер, жан-жануарлар, құрт-құмырсқалардың суреттері жатады. Солардың ішінен Робинзонға азық болғандарын тауып алу керек. Қай жұп көп, әрі дұрыс таңдай алса, сол жұп жеңеді.
Жүргізуші: Ойлы-ойлы тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Математиканы білмесең,
Өте алмайсың көпірден
4-тур. «Математикақ көпір». Сайыскер жұптар бір-біріне 4-5 қадам аралықта қарама-қарсы тұрады. Олардың біреуі қозғалмайды, оның қолында ашылмаған конфертте тапсырма бар. Ал екіншісіне қойылған сұрақтарға кім бірінші болып дұрыс жауап берсе, сол бір қадам алдыға жылжиды. Сайыстың шарты ойыншы өзінің жұбына бірінші болып жетіп, конферттегі тапсырманы бірге орындау керек.
Сұрақтар: 0-ден үлкен сандар қалай аталады? (оң сандар)
Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? (1-ге)
Тоғызға кері сан (1/9)
Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (3600)
Қиылыспайтын түзулер (параллель)
Перпендикуляр түзулердің арасындағы бұрыш (900)
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0)
Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)
Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем (теорема)
Конферттегі тапсырма: Берілген суретті қаламның ұшын қағаздан алмай, бір жүрген жерден екінші қайтара жүрмей салу керек.
Жүргізуші: Пайдаланады көп ғылым,
Физиканың заңдарын.
Сол заңдармен таныды,
Табиғаттың сырларын
5-тур. «Физика зертханасы». Сайыстың шарты бойынша хан тәжіне тек біреуіңіз ғана ие бола аласыздар. Сондықтан осы жерден жұптарыңыз жазылып, берілген тапсырманы өз беттеріңізше жеке-дара түсіндіріп бересіздер.
Тапсырма: 1.Стакан, су, қағаз беріледі. Тәжірибені түсіндіру керек. /Атмосфералық қысым. Стаканға су құйып, бетін қағазбен жабамыз да, қатты басып стаканды төңкереміз. Стаканды төңкергенде үстіңгі жағындағы бос кеңістіктегі қысымнан қағазды стаканға қысып ұстап тұрған атмосфералық қымыс артық./
Дұрыс түсіндіріп, нақты жауап берген оқушы хан тәжіне ие болып «Ғажайып ғылымдар» патшалығынын ханы болады.
Жүргізуші: Ойын толқын жатқандай асып тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!