Бруцеллалар – ұсақ, коккобактериалды, грам теріс таяқшалар. Олар спора түзбейді, талшықтары жоқ, капсуласы бар. Бруцеллалар қоректік орталарға талғамды. Олар ақуызды немесе аминқышқылдарын қажет етеді. Сарысулық, қанды агарда жақсы өседі. Колониялары S-формалы, ұсақ, тегіс, жылтыр, биохимиялық белсенді емес. Баяу көбейеді (2-3 аптадан кейін).
B.melitensis– қоректік орта құрамына тианин мен фуксин қосылғанда өседі. Н2S түзбейді, тыныс алу типі бойыншааэробтар.
B.abortus – фуксин қосылған ортада жақсы өседі.Н2S түзеді, тыныс алу типі бойынша микроаэрофилл.
B.suis – тианин қосылған ортада өседі, Н2S түзеді, тыныс алу типі б/ша аэробтар. Антигендік құрылымы күрделі, соматикалық антигені ұқсас келеді. Монорецепторлық сарысулардың қатысуымен агглютинация реакциясын береді.