Бруцеллаларға теңіз шошқалары, ор-қояндар, ақ тышқандар өте сезімтал болып келеді. Бруцеллез-зоонозды инфекция болғандықтан, жұқтыру көзі – ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек жағдайда еліктер, жылқфылар, иттер, мысықтар және тағы басқалар. Қазақстанда негізінен бруцеллездің жұқтыру көзі B.melitensis пен B.abortus болып табылады. Бруцеллезбен зақымдану ет, сүт, мал терілері оның тағамдарын қолданғанда пайда болады. Көбінесе бруцеллезбен жануарлармен көп қатынаста болатын малшылар ,сауыншылыр мен мал,ет,сүт өнімдерін сатушылар ауырады. Бруцеллездің адамға жұғу жолдары:
1.Ауру малмен айналысқанда (контакт-жанасын латын сөзi) микробтар адам денесiне қолдың кесiлген, жарылған жерлерi арқылы түседi.
2.Қой қырыққанда, жүн түткенде, тағы басқадай жағдайларда, шаң-тозаң арқылы микробтар кiсiнiң көзiне, аузына, дем алу жолдарына түседi.
3.Ауру мал cүтiн,eтiн шикiдей, не шала пiсiрiп, iшiп жегенде, (тамақ қорыту жолы).
4. Лабораторияда бруцелла микробтарымен жұмыс iстегенде де ауру жұғуы мүмкiн.
Бруцеллез бүкіл мемлекетте таралған. Бүкіл әлемдегі бруцеллездің ең көп тараған кезі 1961-1980жж арасында болады (Еуропа(60%), Америка(20%), Африка(10%), Азия(10%)).
Науқас адам – инфекция көзі болмайды !!!
Ауылшаруашылық жануарларының бруцелезбен ауыру көрсеткіші шаруашылықтың мамандануы мен керекті құрал-жабдықтармен жабдықталуына, санитарлық-ветеринарлық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты. Қазақстанда бруцелезді жұқтырған ірі қара малды жоюына байланысты ірі қара малдың басы азайды. 2009 жылы ИФА көмегімен 129 000 ірі қара малда бруцеллез қоздырғышы анықталып жойылды, ал бұл барлық ірі қара малдың 1,8%. Бұрынырақта бұл көрсеткіштер 3-4 % болатын.
Өткен жылы 7 млн 30 мың ірі қара мал бруцеллезге тексеріліп, нәтижесінде 129 мыңы тіркелді.23 млн қой мен ешкілерді тексергенде, олардан 43 мыңында қоздырғыш табылды. Республикамызда Бруцелезды анықтаудың жаңа әдісі енгізіліп, сол арқылы ауру малдарды тез анықтап, утилизациялауда 2 есе қарқынды жұмыс істелінуде
БРУЦЕЛЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРАТЫН ТАҒАМДАР
Қазақстандағы бруцеллездің 2003 жылға дейінгі даму көрсеткіші(динамикасы)