Процесіне ата-ана бірдей қатысады. Жынысты көбеюде ата-анадан ұрпаққа тұқымқуалау қасиеттері беріледі. Аталынған көбею түрі бір жасушалы және көп жасушалы организмдерге жынысты көбею болып екі топқа бөлінеді.
Жыныссыз көбею
Қарапайым бөліну
Митоз арқылы бөлінудің нәтижесінде ата тегімен бірдей ұрпақ пайда болады. Бұл қарапайымдыларға тән.
Спора түзілу
Көптеген өсімдіктер, саңырауқұлақтар және кейбір қарапайымдылардың тіршіліктерінің белгілі бір сатысында спора түзіледі. Тығыз қабықшамен қапталған, жасушаларды қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында қорғайтын жасушалар споралар деп аталады.
Вегетативті көбею
Көптеген өсімдіктерге тән жыныссыз көбеюдің түрі. Мұндай көбею кезінде организмнің бір топ жасушалары бөлініп жаңа организм түзеді, генетикалық материалдары бірдей организмдер түзіледі. Тірі ағзалардың түріне байланысты вегетативті көбеюге арналған әртүрлі мүшелер мен өсінділер пайда болуы мүмкін.
Бүршіктену
Кейбір саңырауқұлақтар мен жануарларға тән. Олардың денелерінде бүршік өсіп шығады, сосын ол бөлініп жаңа организмге бастама береді.
Бір жасушалы организмдерге генетикалық құбылыстардың алмасуы өткеннен кейінгі кезеңді жынысты көбею немесе генетикалық рекомбинация деп атаймыз.
Трансдукция дегеніміз-бір жасушалы геномды фрагменттері басқа жасуша құрамында кездеседі және бұл процесске кейде вирустар да қатысуы мүмкін.
Трансдукция дегеніміз-бір жасушалы геномды фрагменттері басқа жасуша құрамында кездеседі және бұл процесске кейде вирустар да қатысуы мүмкін.
Трансформация кезінде белгілі организге басқа ортаның құрамындағы ДНҚ бөліктері енеді.
Копуляция-екі даралар гаметаға айналып нәтижесінде зигота түзеді(споровиктер).
Организмнің көбеюі
Организмнің көбеюі дегеніміз-жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті болып табылады. Жыныс жасушаларының қатысуынсыз жүреді, ұрпақтың ата тегімен генетикалық ақпарат, морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық жағынан бірдей болуымен сипатталады, оның негізінде митоз процесі жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
“Молекулалық биология және генетика”С.А.Әбилаев. Шымкент 2008ж
«Современные тендеции изменения активности сперматогенез у человека» Быков В.Л. Морфология 1998ж
«Биология» Ярыгин В.Н 1999ж
«Генетика» С.Ж.Стамбеков 2002ж
«Факторы среды и репродуктивные система человека» Никитин А.И 1999ж