Тақырыбы : Ұлттық валюта- төл теңге Мақсаты: Ұлттық валюта тақырыбын қорытындылау,өзге мемлекеттің валютасымен таныстыру



бет5/6
Дата12.10.2020
өлшемі31,54 Kb.
#64457
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
ҚР өкілі: оқушы-1

Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993ж. 15 қарашада шықты. Алғашқы теңгелерде қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл- Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан,Әбілқайыр хан бейнелері көрініс тапты .Олар 1,3,5,10,20,50,100,500,1000,2000, теңгелік билеттерде шығарылды. 2007 жылдан бастап жаңа нұсқалар шықты.



2- оқушы :

Қазақстан Республикасында ақша шығару,олардың айналымын ұйымдастыру және оны айналымнан шығару ісін Қазақстан Ұлттық банкі жүзеге асырады.

Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді,қолдағы ақша қаражатын сақтау, инкассациялау тіртібін белгілейді. Ұлттық банктың ақша шығаратын банкнот фабрикасы, яғни арнайы Қазақстан Теңге сарайы бар.

3-оқушы

Онда қағаз ақшалармен қатар ,арнайы сапамен күміс ақшалар шығарылады.Таза салмағы 24 гр.,37гр тағы басқа әртүрлі болып жасалатын бұл ақшалар қазақ өмірінің тарихынан мәлімет береді.Мысалы,қазіргі уақытта айналыста жүрген қазақтың көне саз аспабына арналған «Домбыра»,ұлттық аңшылық кәсібінің құрметіне «Бүркітші», «Ғасырлар пернесі» сияқты ір түрлі тақырыптарда шығарылған күміс ақшалар бар.Бүгінде оларды Қазақстанның Ұлттық банкілерінен алуға болады



Жанерке: Иә, 15 қараша ұлттық валютамыз теңгенің туған күні.Осыдан 20 жыл бұрын елімізде сауда айналымына еніп,қазіргі кезде бүкіл әлемге танылып,өз мәртебесіне ие болып отыр. Теңге ол біздің ақшамыз. Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар .Ақша барлық тауар өндірушілер,сатушылар,тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ақша – құн өлшемі ,айналыс құралы ,қазына жинау,төлем құралы

Төраға /мен: Осы дөңгелек үстелге қатысып отырған бестік мүшелерінен өз елдерінің валютасы жөнінде, Еуропа елдерінің валютасы жөнінде мағлұмат беруді сұраймыз.

а) Мадияр/Ресей өкілі: Ресей рублі КСРО заманынан келеді. 90-жылдардың басында Ресей өз рублін шығарды, жаңа кезеңі басталды.

ә)Руслан /АҚШ өкілі: АҚШ долларын білмейтін адам кемде-кем шығар. Бұл валютаның ата-тегі талер. Германиядан шыққан. 1519-жылдан бастап талер-доллар болып өзгерді. 1785-жылы АҚШ-тың ұлттық Конгресінде Джефферсонның ұсынысымен Ұлттық валюта болып қабылданды.

Алдымен монеталар, кейіннен 1895-жылдан бастап қағаз банкноттар шыққан. 1792-жылдан бастап Филадельфияда американдық доллар деген атпен шықты. Әлемнің 26 елі доллар атты валютаны қолданады.

б) АҚШ өкілі: Европада евро деген валюта 1999 жылдың 1-қаңтарынан бастап Австрия, Белгия, Испания, Италия, Германия, Люксембург, Грекия, Португалия, т.б. 13 елде қолданысқа енді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет