Тақырыбы: 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні Мақсаты



бет4/4
Дата27.02.2020
өлшемі0,86 Mb.
#58432
1   2   3   4
«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,



Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!


Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.



Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.
«Дыбыстар сөйлейді» стратегиясы бойынша оқушылар 13 дыбыстан тұратын « Ару қала – Астана» сөйлемді жаза отырып, Астана туралы мәлімет береді.

А – Астана жастардың қаласы
Р – республиканың орта тұсында орналасқан
У – Уран, алтын, боксит, мыс, көмір т.б пайдалы қазбалары бар.
Қ Қысы өте аязды, суық болатын қала
А – Алғашқы атауы Ақмола
Л – Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала
А – Астанада « Отырар» кітапханасы орналасқан.



А – Алтыншы шілде Елордамыз Астананың туған күні
С – Символы Бәйтерек
Т – Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар
А – Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған
Н –«Нұр Астана» зәулім күмбезді мешіті бар
А – Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкруста « Бейбітшілік қаласы» аталды.
Ән: « Егемен Қазақстан» орындайтын 9 – сынып оқушысы Тоқсанбаева Әмина.
Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп уанған

Бұл даланы алған көріп қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Ән «Қазақ жастары» орындайтын Ризабеков Әділхан.
Жүргізуші:

Ауыр күнді артымызға тастауы

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы

Тілім, дінім, ұлтым қайта көтерген

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

Билік тізгінің қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.Тұңғыш президентіміз Нұрсылтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында викториналық сұрақтарға жол берелік.

Қ.Р-ның президенті кім?( Н.Ә. Назарбаев)

Н.Ә. Назарбаев қайда туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

Н.Ә. Назарбаев қай жылы туған? (1940 ж 6 шілде)

Біздің елбасы қалай оқыды?(4пен 5)

Н.Ә. Назарбаев қандай мамандық тандады? (Металлургия)

Н.Ә. Назарбаетың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын)

Н.Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды? (1 желтоқсан 1991ж)

Астананың бұрыңғы атаулары (Целиноград, Ақмола )

Би « » Қызғалдақ бишілер тобы.

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсылтан Назарбаев бастай берсін

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына

Дей отырып осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

Мақпал негізгі мектебі.


Тақырыбы: 1 – желтоқсан – Президент күніне « Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты іс – шара жоспары.


Жауапты: Е.Р. Шингожина

2017-2018 оқу жылы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет