Тақырыбы: «1-желтоқсан тұңғыш Президент күні» Өткізген: Хайвтан Бақытжан Көкен Майгүл



Дата26.08.2017
өлшемі27,98 Kb.
#29079
Олжабай батыр ауылы «Әсем-ай» балабақшасы

Тақырыбы: «1-желтоқсан тұңғыш Президент күні»

Өткізген: Хайвтан Бақытжан
Көкен Майгүл

2015- 2016жж



1 - желтоқсан тұңғыш Президент күні

Тақырыбы: ҚР президент күні!
Көрнекілігі:
Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз. 
Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық. 
Әнұран айтылады.
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Тәрбиеші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 
Тәрбиеші: 
 «Айжұлдыз» тобының орындауында ән «Отаным».
Тәрбиеші: 
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
 «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. 
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Тәрбиеші: 
Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
Тәрбиеші: 
Нұрсұлтан бар деп, нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, 
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, 
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
-    Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?
-    Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
    1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
    2. Біздің Елбасымыз кім?
    3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
    4. Біздің тіліміз қандай?
    5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).
Тәрбиеші: 
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
-    Балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
Тәрбиеші: Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет