Тақырыбы: 1) Таным және әлемнің қайта құруындағы ойлау рөлі. 2) Ойлау және сөйлеу. 3) Ой және сөз (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн). 4) Ойлау мәселелерді шешу процесі ретінде: ойлау процесінің құрылымы мен динамикасы


Креативтілік негізі ретінде қызметтің жанама өнімі (Я. А. Пономарев)



бет12/16
Дата07.04.2023
өлшемі106,06 Kb.
#173948
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Та ырыбы 1) Таным ж не лемні айта руында ы ойлау р лі. 2)

Креативтілік негізі ретінде қызметтің жанама өнімі (Я. А. Пономарев).

Шығармашылық психологиясының негізгі міндеті шығармашылық процесс пен креативтіліктің психологиялық механизмдері мен заңдылықтарын ашу. Креативтілік – ағылшынның “Creativity” сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді.
Шығармашылық психиканың даму механизмі мен негізі ретінде қарастырылады (Н.В. Кипиани, А.М.Матюшкин, Я.А. Пономарев, И.Н. Семенов және т.б.). Оны зерттеу ойлау заңдылықтарымен байланыстырылады (Н.Г. Алексеев, С.М. Бернштейн, В.С. Библер, В.Н. Пушкин, О.К. Тихомиров, Э.Г. Юдин және т.б.).Бірақ көптеген зерттеушілер креативтіліктің анықтамасында тұлғаның ерекшелігіне немесе қасиетіне басты назар аударады. Дж. Гилфорд креативтілік пен шығармашылық потенциалды табысты шығармашылық ойлауға ықпал ететін қабілеттер мен басқа ерекшеліктерінің жиынтығы тәрізді анықталуы мүмкін деп есептейді.
Креативтіліктің жаратылысын қарастыру оны оқып-үйренудің негізгі сараптамалық бағытына негізделген. Жалпы алғанда оларды бағытталуына сәйкес үлкен екі топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа жалпы психологиялық және концептуалдық бағыттағы зерттеулерді жатқызуға болады (Д.Б. Богоявленская, 1983; К. Дункер, 1965; А.Я. Пономарев, 1976; С.Л. Рубинштейн, 1941; О.К. Тихомиров, 1969 және т.б.). Бұл топтың психологтары шығармашылық психологиясының методологиялық негіздерін, оның заңдылықтары мен шығармашылық қызметтің механизмдерін зерттеді. Шығармашылық психологиясында жалпы психологиялық теорияны құру мәселесі (Б.Ф. Ломов, Я.А. Пономарев, О.К. Тихомиров), педагогика мен психологияның әртүрлі бағыттарын зерттеудегі әлеуметтік тұрғыдан маңызды қорытындысын біртұтас ете алу қабілеті шұғыл шешім қабылдауды қажет етіп тұр.
Екінші топты шығармашылық іс-әрекетке қабілеттіліктің тұлғалық мінезін сипаттау мен анықтауға бағытталған дифференциалды-психологиялық типті шығармашылықты сараптамалық-эмпирикалық зерттеу құрайды.
Креативтілікті – жаңа өнім немесе шығармашылық ойлаудың қорытындысы деген пікірді ұстанған ғалымдар таласы әлі де жалғасуда (К. Тейлор, В.А. Терехов, О.К. Тихомиров және т.б.). Басқа зерттеулерде жаңаны құруда шығармашылық процестің басымдылығы көрінеді (Р. Арнгейм, А.В. Брушлинский, В.А. Моляко, В.Н. Пушкин, Р. Уоллес, П.М. Якобсон және т.б.). Бұл ұстаным әсіресе Р. Арнгеймнің еңбектерінде айқын көрінеді. Ол «шығармашылық туралы ол туындататын нысанға қарап айтуға болмайды... Креативтілік – бұл білім, әрекет және тілектердің толық ашылуы» [6, 376]. Психологиядағы эвристика мәселесін зерттей келе, В.Н. Пушкин: «Психологиялық процесс көмегімен шешілетін жаңа стратегия қалыптасады, эвристикалық іс-әрекет деген атауға ие жаңа дүние анықталады» деген пікірге келді.
Көптеген креативтілікті зерттеулерде психологиялық креативтілік механизмдері мен шығармашылық потенциалын тұлғалардағы түрлі сандық және сапалық қасиеттерін анықтауға басты назар аударылады. Бұнда олардың дамуы және шығу деңгейін ажырата білу қиындығы туындайды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет