Сүт қышқылдығын анықтау (МЕМСТ 3624-93)
Сүт сапасының маңызды көрсеткіштерінің біpi – қышқылдық. Сүт қыш-қылдығы оның құрамындағы қышқыл тұздардың, органиқалық қышқылдардың (лимон қьшқылы, сүт қышқылы, кейбір қосылыстардың гидролитикалық жік-телу нәтижесінде пайда болатын қышқылдар, мысалы сүт майының жіктелуі, т. б.) мөлшеріне байланысты. Сүттің қышқылдығы оның қаншалықты ескірмегенін (свежесть) көрсетеді. Мысалы, жаңа сауылған сиыр сүтінің, қыш-қылдығы 16- 18°Т болады.
Құрамы күрделі, полидисперсиялық жүйе болғандықтан,сүт әртүрлі мик-роорганизмдер мен бактериялардың дамып, көбеюіне өте қолайлы орта болып табылады. Осы микроорганизмдердің даму нәтижесінде сүтті сақтау кезінде оның құрамында қышқыл заттар көбейіп, сүттің титрленетін қышқылдығы арта түседі. Сондықтан, сүт қышқылдығы оның тазалығын және сақталу ұзақтығын көрсетеді.
Сүттің қышқылдығы Тернер градусымен өшенеді. Ол 100 мл сүттің құ-рамындағы қышқылдарды жоюға жұмсалатын децинормаль сілті (КОН – күй-діргіш кали немесе NaOH – күйдіргіш натр) мөлшерін (милилитрмен) көрсе-теді.
Сүттің титрленетінқышқылдығын МЕМСТ 3624-93 талаптарына сай анық-тайды. Ол үшін қажетті затгар:
-Сыйымдылығы 150-200 мл конусты колба;
– 50 мл зерттелетін сүт сынамасы;
– 100 мл айдалған (дисциллированная) су;
– 5 мл фенолфталеин;
– 5 мл КОН немесе NaOH 0,1Н ертіндісі;
– Пипеткалар бекітілген штатив.
Сүттің қышқылдығы қатарынан 5 рет анықталып, нақты көрсеткіш ретінде осы анықтаулардың,арифметикалық,ортасы алынады.
Анықтау әдісі
Сыйымдылығы 150-200 мл конусты колбаға пипетка көмегімен зертте лелетін сүт сынамасынан 10 мл сүт құяды;
Колбадағы сүт үстіне 20 мл айдалған су (дисциллированная вода) қоса-ды;
Осы қоспаның үстіне штативте бекітілген пипетка көмегімен 3 тамшы фенолфталеин тамызады;
Колбаны қолмен шайқап, оның ішіндегі компоненттерді жақсылап ара-ластырады;
Колбадағы қоспаны штативте бекітілген және арнайы шкаласы бар пробиркадан пипетка көмегімен күйдіргіш натр (ИаОН) немесе күйдіргіш кали (КОН) сілтісімен титрлейді;
Титрлеу процесін қоспа түсі 1 минуттай уақыт тұрақты қалыпта болатын қызғылтым түске енгенде ғана тоқтатады;
Пробирканың шкаласы бойьнша сүтті титрлеуге шығындалған сілті мөлшерін (миллилитр) анықтайды.
Зерттелген сүттің қышқылдығын келесі формуламен анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: |