Майды анықтау әдісі
а) құрғақ май өлшегішке тығыздығы 1,81-1,83 г/см310 мл күкірт қышқы-лын құяды.
ә) Күкірт қышқылының үстіне пипеткамен 10,77 мл зерттелетін сүт сына-масын алып, пипетканы 45° көлбеу ұстап, май өлшегіштің қабырғасымен жаймен құяды. Сүт күкірт қышқылымен араласып кетпей, оның үстіңгі бетіне түсу керек. Пипеткадан соңғы сүт тамшысы тамған соң, пипетканы сол көлбеу қалпында 7 секунд тыныш қалыпта ұстап тұрады . Пипетка ұшында қалған сүт тамшысын үрлеп тусіруге болмайды;
б)Май өлшегішке пипетка көмегімен 1 мл изомил спиртін тамызады;
в)Май өлшегіштің аузын толық тығындап, сүт құрамындағы ақуыздар то-лық еріп кеткенше бірнеше рет айналдырады және оны температурасы 65+20С суға 5 минут тығынын төмен қаратьшп ұстап тұрады;
г)Ішінде сүт сынамасы бар май өлшегіштерді (5 май өлшегіштен кем болмау керек) судан альш, центрифуга ұяшықтарына тік қальпта шкалаларын центрге бағыттап орналастырады;
ғ)Центрифуганы 1000-1200 айн/мин жиілікпен 5 манут айналдырады. Бұл жағдайда сүт температурасы төмендейді. Сондықтан, май өлшегіштерді центрифугадан алған соң, қайтадан температурасы 65±2°С суға сальш, 5 минут ұстайды;
д)Май өлшегіштерді судан шығарып, сыртын құрғақ сүлгімен сүртіп, жинақталған қабатының қалыңдығын приборлардың шкаласынан өлшеп алады.
Сүттің нақты майлылығы май өлшегіштер көрсеткіштерінің арифметикалық ортасы көрсетеді. 1 суретте май өлшегіштің шкаласы схема түрінде келтірілген. Бұл жағдайда сүт майлылығы 3,2% болып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |