Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Kazak-Türk Üniversitesi Медицина факультеті «Хирургиялық аурулар» пәні БӨЖ
Ауырсынумен және жүрек жұмысындағы басқа өзгерістермен байланысты клиникалық көріністер әрдайым жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланысты емес әртүрлі шығу тегіне ие болуы мүмкін. Іш аумағының патологияларында иррадация жүрек аумағына беріліп, жүрек ауруларындай көрініс табуы мүмкін, және клиникада көптеп байқалынады. Бұл ауырсынулардың шығу тегі рефлекстік механизммен немесе диафрагмальды синдроммен, немесе стресстік жолмен пайда болады. Ауырсынудан басқа, жүрек ритмі мен өткізгіштіктің ауытқулары, сондай-ақ миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуі көрініс табуы мүмкін. Көбінесе мұндай құбылыстар өт тас ауруымен, өңештің, асқазанның және ұйқы безінің ауруларымен бірге жүреді. Және ауырсыну себебін жойғаннан кейін жүрек тұсындағы ауырсыну да жойылады.
БКС ті холецисткардиалды синдром деп те атайды. Себебі өт тас ауруының күрделенуінен симптомдар синдромды құрай бастайды. Белгілерін Боткин симптомдары деп атайды.
Алғаш рет дәрігер Сергей Петрович Боткин сипаттаған.
Холецистокардиальды синдромы – бұл жүрек аймағындағы ауырсынуды (кардиалгия), өткізгіштігі бұзылған миокард метаболизмінің бұзылуын, ентігуді, кейде Коронарлық қан айналымының нашарлауын қамтитын клиникалық белгілердің жиынтығы. Бұл белгілер өт қабының зақымдануынан туындаған миокардқа рефлекторлық және инфекциялық-уытты әсерлерге байланысты пайда болуы мүмкін.