Тақырыбы: Адам өмірі – басты құндылық


 «Өмір мәні» демонстрация



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі22,49 Kb.
#94586
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ата-анаға тренинг
ата-анаға тренинг
5. «Өмір мәні» демонстрация Сіздер үшін өмір мәні не? (ата-аналардың жауабы) Мына ыдысты адам өмірінің мәні деп ойлайық. Бала дүниеге келгенде ол бос болады. Бала есейген сайын онда алғаш армандар, тілектер, қиялдар мен болашақ картинасы пайда бола бастайды. Бұл – «Өмір мәні» атты ыдыстың алғашқы дәндері (ыдысқа кішкентай тастар салынады). Бала үлкен болғанда ұшқыш болғысы келеді, үлкен машинаны жүргізгісі келеді, әртіс болып, танымал болуды, жақсы жайлы үйде тұрып, әдемі өмір кешуді армандайды. Жылдар өтіп баланың бұл арман-тілектері өзгеріп жатады немесе басқа да қызығушылықтармен қосталып, үлкен мақсаттарға айналады (ыдысқа ірі тастар орналастырылады). Бұл бала өмірінің өзегін, мән-мағынасын құрайды, ол мақсаттар алға қарай жетелеп, болашаққа ұмтылдырады, іс-әрекетке белсендендіреді. Осы үлкен мақсаттарға жету үшін балаға кішкентай шағын көп мақсаттар көмектеседі, оларды жүзеге асыру арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізіледі (ыдысқа кішкентай тастар тасталынады). Мысалы: белгілі маман иесі болу үшін сабақты жақсы оқу, қоғамдық істерге белсене араласу, ата-ананы қамқорлыққа алу үшін көңілдеріне қаяу түсірмей, құрметтеу, т.б. Осы үлкен ірі, кіші мақсаттармен бірге өмірде күнделікті өмірлік жағдайлар, мәселелер болып жатады (ыдыстағы үлкен, шағын тастардың үстіне құм себеленеді). Бұл құрбымен келіспей қалушылық, жауапсыз махаббат, істің оңға баспауы, т.б. Мәселелер (құмдар) уақытылы шешіліп отырса, оның зияндылығы мәнсіз болады, ал көлемі көбейіп, ыдысты толтырып, басып кетсе, үлкен, кіші мақсаттар жабылып, көміліп, жойылып та кетуі мүмкін. — Сіздер үшін үлкен тастар не? Кішкентай тастар не? Ал құм не? Ойланып, осыларды жазып кетсеңіздер. Адам «Өмір мәні» атты ыдысқа үлкен мақсаттар (тастар) салудан бастаса, ол жақсы игілік, ал оның орнына бірінші құм себелеп, күнделікті өмір айналымымен шектеліп қалса, күнделікті мәселелерімен ғана өмір сүріп, бос, сенделіп жүрсе, кейін үлкен мақсаттарға орын болмай қалады. Өмірде басты мақсаттарды анықтап алу керек, олар болмаса, өмірдің мәні де жоғалады. Сондықтан да адамда айқын нақты мақсаттар болуы қажет, мәселелер өмірде болады, онсыз өмір қызықсыз, мақсаттар соншылықты маңызды болып көрінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет