Қатты күйік шалған кез келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін.
Күйген адамды сергітіп, тыныштандырыңыз. Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1 шәй қасық түзды қайнатылып суытылған 1 литр суға езіп еріту қажет.
Күйген адам сұйықты мейлінше көп ішуі керек, әсіресе жеңіл дәретке жиі-жиі бара бастағанша іше бергені жақсы. Ол көп жері күйген болса күніне 4 литрге дейін, ал өте көп күйік шалғандай жағдайда 12 литрге жуық су ішуі қажет. Күйіп зардап шеккен адам құрамы протеинге бай тамақты көбірек ішкен жөн. Жалпы ас атаулының қай-қайсынан да бас тартудың қажеті жоқ.
Күйген адамға мүмкіндігінше суды кеп ішкізіңіз. Егер күйген жердің аумағы үлкен болса (қолының мөлшерінен екі есеге жуық үлкен болса), онда мынандай сусын дайындаңыз:
Бір литр суға: жарты қасық тұз және жарты қасық ас содасын қосыңыз. Будан басқа оған 2—3 ас қасық қант немесе бал салыңыз, ал бар болса. кішкене ғана апельсин мен лимон қышқылын да қосқан артық болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |