Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар-инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті.
Вирус кездеседі:
көп мөлшерде қанда
спермада
қынап кілегейінде
емшек сүтінде
көз жасында
жұлын сұйығында
сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.
Жұғу жолдары
— жыныстық қатынас; — вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда); —анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Жыныстық жол-негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді.